Өңеш, асқазан және он екі елі ішек жаралары, әртүрлі локализациялыісіктер, эрозивті гастрит, дуедонит, өңеш-асқазан кілегей қабаттарының жыртылуы, дивертикулдар, геморрой, тік ішек жарықтары, полиптері, рак ауруы, жаралы колит, Крон ауруы, лимфома т.б. Жасырынжәне массивті (көп мөлшерде) қан кету түрлерін ажыратады.
Жасырын қан кету
Симптомдары:
Тұрақты әлсіздіктің, ұйқышылдықтың болуы;
Жедел көмек қажет етпейтін «себепсіз» анемия.
Массивті қан кету
Симптомамдары:
Жедел тамыр жетіспеушілік белгілері: естен тану, құлақта шудың болуы, бастың айналуы, әлсіздік, тері жамылғыларының және кілегей қабаттардың бозаруы, салқын тер басуы;
Тахикардия, «жіп» тәрізді пульс, АҚҚ төмендеуі, демікпе;
Қан аралас құсудың болуы (өңештен қан кету), «қою кофе тұңбасы» тәрізді құсықтың болуы (асқазаннан қан кету);
Қызыл түсті таза қанның нәжіске араласуы немесе бетіндеболуы (қан кету көзі анальды тесікке жақын орналасса);
«мелена» - қара май тәрізді нәжіс (ішектің жоғарғы бөлімдерінен қан кету);
Геморрогиялық шоктың даму мүмкіндігі (1500 мл қан кеткенде);
Асқазан немесе он екі елі ішектің жарасында қан кеткенде эпигастрий аймағында ауырсыну азаяды немесе жойылады;
Грегерсен реакциясының оң мәнді болуы (нәжісті жасырын қанға зерттеу).