Өт қабының пальпациясы. Өт қабын пальпация тәсілімен тексергенде бауыр пальпациясындағы ерекшеліктерді сақтау керек. Пальпация жасайтын қолды буырдан төмен құрсақтың тік бұлшық етінің сыртқы шетін ала орналастыру керек. Қалыпты жағдайда өт қабы, бауыр шетінен 1-1,2см ден артық төмен түспейді және оның тығыздығы іш қабырғасының тығыздығынан артық емес, сондықтан сау адамда өт қабын пальпация жолымен анықтау мүмкін емес. Өт қабын тек оның кеңігенінде ғана анықтауға болады.
Перкуссия. Бауыр перкуссиясында Курлов тәсілімен шекарасын анықтау.
Қалыпты жағдайда жоғарғы шекарасы төс жанындағы сызықпен V қабырға түсінің шетінде, бұғана орта сызығымен VІ қабырғаның үстінде, оң жақ алдынғы қолтық асты сызығымен VІІ қабырға үстінде (оң жақ өкпенің төменгі шегарасына сай келеді).
Бауыр көбіне төмен қарай үлкееді, сондықтан төменгі шекараны анықтау қажетті болады.Бауырдың төменгі шегін дабыл дыбысының тынық дыбысқа аусқан жеріне қарай төменнен жоғары анықтайды. Бауырдың төменгі шегін де көрсетілген белгі сызықтар бойымен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |