Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет128/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Клиникалық көрінісі. Ауру екі кезеңде өтеді: ұстама аралық және ұстама кезеңі (бүйрек шаншуы). Аурудың дамуы және көрінісі тастың мөлшерінен, бүйректегі қабыну өзгерістерден тәуелді болады.

Ұсақ тастар, тұздар ауырсыну бермеуі мүмкін. Тұз оқтын соқтын зәрмен шығарылып тұрады, кейде несеп ағардың шырышты қабатының тітіркенуінен ауырсыну болуы мүмкін. Егерде тостағаншада құм ғана болса ауру созылмалы болсада ауырсыну бермеуі мүмкін.

Түбекте жатқан үлкен тастар ұзақ уақытқа дейін қозғалмай науқасты мазаламайды. Бұл тастар көбіне шырышты қабатын тітіркендіріп бел аймағында сыздаған ауырсыну береді. Өз бетімен сыртқа шығалмайтын тастарда ауру созылмалы түрге айналып, оған инфекция қосылып үнемі ауырсынудан науқастың жағдайы нашарлай бастайды, пиелит және пиелонефрит қосылады.

Кішірек жылжымалы тастар аурудың клиникасын құрайды, олар жылжып , шырышты қабатын сырып, несеп ағарды бітеп күшті ауырсыну ұстамасын береді. Егерде тас құыққа өтіп кетсе ұстама 2-3 сағатта тарап кетеді, немесе тас несеп ағармен ұзақ жылжыса ауырсынуда ұзаққа созылады. Несеп ағар таспен бітеліп қалса түбек созылып – гидронефроз дамуы мүмкін. Бұл кезде іштің пальпациясында үлкейген бүйректі анықтау болады. Гидронефрозда пиелонефритке әкеліп соқтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет