Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет16/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Пальпация ережелері:

  • пальпация жүргізуші пациенттің оң жағында болу керек.

  • дәрігердің қолы жылы, жұмсақ және тырнақтары алынған болу керек.

  • пальпацияны жұмсақ жүргізу керек.

  • іш қуысындағы мүшелерді дем алу мен байланысты сипау керек.

  • тексеру мәліметтері толық болу үшін пациентті отырғызып, жатқызып және тұрғызып сипайды.

  • пальпация беткей және терең болып бөлінеді.

Беткей пальпация. Бұл әдіспен терінің эластикалық қасиеттерін, тығыздығын, қалындығын, тері асты шелін, дымқылдығын, құрғақтығын, температурасын және басқада қасиеттерін анықтайды. Денедегі әсірессе аяқтағы жасырынды ісінулер, пальпациямен анықталады; басқаннаң кейін ойықтар қалып отырады. Осы әдіспен пульстің қасиеттері, лимфа түйіндер, сүйектер мен буындардың ауырсынуы, деформациясы, бұлшық еттердің өзгерісі: атрофия, миалгия, әлсіздігі анықталады.

Терең пальпация. Бұл әдіспен іш қуысындағы мүшелер анықталады. Іш қуысының пальпациясы жылжымалы беткей пальпациясынан басталып, терең Образцов – Стражеско бойынша пальпацияға ауысады. Ол келесі ретпен, сол мықын аймағынан басталып, сағат тіліне кері жүргізіледі: қийма, өрмелеу, көлденең тоқ ішек, көк бауыр, асқазан, бауыр, жіңішке ішек (кіндік аймағы), төмендеу тоқ ішектің бөліктері, соқыр ішек, қасаға үсті, бүйрек.

Тығыз мүшелерді: бауыр, көк бауырды анықтау үшін демді терең алып, шығарған кезде қолды терең басып тексеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет