Байланысты: Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
Тыныс алудың ырғағының бұзылуы: Биот тынысы - ырғақты терең, сирек, мезгілді үзіліспен демалу. Бұл түр менингитпен ауырғанда және агональды жағдайдағы науқастарда кездеседі.
Чейн - Стокс дем алысында дем алудың біртіндеп тереңдеуі мен біртіндеп баяулауы тән, одан кейін үзіліс болады. Үзілістен кейін бәрі қайтадан қайталанады. Ми гипоксиясында кездеседі.
Куссмауль дем алу бұзылысы - шұлы, сирек және терең дем алу. Гипергликемиялық комада кездеседі.
Грокк тынысы - толқын тәріздес, Чейн-Стокс дем алуына ұқсайды, бірақ толық тоқтамайды.
Қабырғаларды алдынан санағанда бұғанадан бастайды, өйткені бірінші қабырға оның астында орналасқан, артынан - жауырынның төменгі бұрышы VІІ қабырғада орналасқан. Мойын омыртқалардан ең шығынқысы - жетіншісі.