Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет68/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Объективті тексеру
Жалпы қарау – науқас адамның жағдайын бағалау, жалпы қараудың диагноз қою үшін маңызы өте зор. Ол белгілі тәртіппен жүргізіледі.

Жүрек-тамыр жүйесі зақымданған пациенттер компенсация кезеңінде ешқандай шағым айтпайды, белсенді өмір сүреді. Анық дамыған жүрек жетіспеушілігінде амалсыз жағдайда болады, дем алуын жақсарту үшін басын жоғары көтеріп жатады. Жүрек тұсында ауырсыну, жағымсыз сезім, мазаламау үшін оң жағында жатады. Өте айқын дамыған жүрек жетіспеушілігінде пациенттер, амалсыз ортопноэ жағдайды қамтиды: төсекте немесе креслода аяғын төмен түсіріп, басына жастық қойып отырады. Жатайын десе тұншығу ұстамасы дамиды, соңдықтан олар апталап дұрыс ұйқысы қанбай осы жағдайда отыра береді.

Экссудативті перикардитте науқас амалсыз, жағдайын жақсарту үшін шынтақ – тізеге сүйеніп отырады. Стенокардия ұстамасында науқас тұрған күйінде қалшиып қатып қалатын жағдай жиі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет