Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет136/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Этиологиясы, патогенезі. Бүйректің созылмалы шамасыздығы – бүйректің көптеген созылмалы ауруларының ақырғы сатысы.

Бүйректің негізгі функциясы – ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазды ) сақтау. Нефрондардың 75 % - дан артығы жойылған кезден азот шлактарының деңгейі айқын жоғарылайды (мочевинаның, креатининнің ). Тірі қалған нефрондардың саны 10%-дан аз болған кезден диурез азаяды, науқас олигурия күйіне түседі, уремиялық токсиндермен деңгейі жоғарылайды ( мочевина, креатинин ), яғни терминальді уремия дамиды.

Аурудың ағымында екі саты айырады: консервативті және терминальді.

Консервативті ( компенсацияланған) сатысында нефрондардың азаюынан , қалған нефрондарға осмостық күш түсүі жоғарылайды. Осыдан зәрдің мөлшері көбейіп полиурия, никтурия яғни изостенурия, гипостенурия пайда болады.

Бұл кезде клиникалық көрінісінде: шөлдеу, зәр мөлшерінің көбеюі, әлсіздік , шаршағыштық, тәбеті төмендейді, жүрегі айныйды, басы ауырады, мұрын оқта – текте қанайды, көздің көруы нашарлайды, анемия немесе ацидоздың салдарынан болатын ентікпе. Содан көп кешікпей бүйректің сүйықтықты бөлу қасиеті төмендейді.

Терминальді ( декомпенсацияланған ) сатысында бүйрек шамасыздығы өрістей келе диурез азаяды (600-800 мл ). Бұл кезде науқастардың қабақтары, беті сәл ісінкі, тері жамылғылары құқыл, құрғақ , жүрек айну, құсу, ықылық анорексия, іштің өтуі. Қышынудан тері бетінде қасынудың іздері болады. Ауызынан уремиялық иіс - аммиактың иісі шығады. Анемия барлық науқастарда заңды түрде дамиды.

Уытты энцефалопатияның көріністері пайда болады: ұйқышылдық, енжарлық, ұйқы ырғағының бұзылуы, Куссмауль тынысы, парестезиялар, көп кешікпей оған уремиялық перикардит және уремиялық кома қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет