Бет-әлпетін қарау. Бетін қарағанда қабағын, көзін, мұрынын, мойынын қарау керек. Беттің жағдайы әр түрлі психикалық, патологиялық және
соматикалық жағдайда, жасына, жынысына байланысты өзгереді.
Бұлшықет жүйесін қарау. Бұлшықеттің даму дәрежесін анықтаймыз, ол пациенттің жұмысына, спортпен шұғылданғанына байланысты болады, сонымен қатар аяқ- қолдардың, омыртқаның ,кеуденің бас сүйегінің әр түрлі кемшіліктеріне көңіл аударамыз.
Буындарды қарау. Буындардың конфигурациясына, ауырсынуына, қозғалыстың шектелгеніне және маңындағы ұлпаларда ісік, гиперемия болуына көңіл бөлеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |