Құсу - даму механизміне қарағанда күрделі рефлекторлы акт, құсу орталығы тітіркеніп асқазандағы тамақ еріксіз өңеш, көмей, ауыз арқылы сыртқа шығады. Құсық себебіне қарай орталық және шеткі болып екі түрге бөлінеді:
Орталық құсу бас қуысының ішіндегі қысым көтерілгенде және ми тамырларының жиырылуында болады, оның ерекшеліктері: құсу алдында жүрек айну болмайды, құсқаннан кейін науқас адамның жағдайы жеңілдемейді.
Шеткі құсу – асқазан ауруларында және рефлекторлы құсуда болады. Асқазан толық босағаннан кейін науқастың жағдайы жеңілдейді. Қусықта тамақтан басқа қышқыл, шырыш , өт, қан аралас болу мүмкін және қышқыл иісті болады.
Іштің ауырсынуы асқазанның әр түрлі ауруларында кездеседі. Асқазан ауруларында ауырсыну асқазан және ұлтабардың түйіліп жиырылуынан болады, кей жағдайда асқазан қабырғасындағы нерв талшықтарының тітіркеуінен болады. Ауырсынудың орналасқан жері эпигастрий аймағы, қарын төмен түскен болса онда ауырсыну кіндік тұсында және оның сол жағында байқалады. Пациенттен ауырсынуды анықтағанда, осы мәліметтерге көңіл бөлу керек:
орналасқан жері
мінездемесі: тұрақты,ұстамалы,тәулік , жыл мезгіліне байланысы
тамақпен байланысы
иррадиациясы, берілу жері/ жауырынға, төстің артына, арқаға,оң жақ қабырға астына/
тамақтаң, құсықтан, жылу, суық қолданғанда, ас содасын ішкенде өзгеруін /азаюы,кобеюі, тоқтауы/
физикалық күшпен байланысы
күштілігі
Достарыңызбен бөлісу: |