Пайдалылық функциясы ?



Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Kb.
#86446
Байланысты:
Пайдалылық функциясы


  1. Пайдалылық функциясы ...?


Пайдалылық функциясы – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр – игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: – нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар.




  1. Экономикалық емес игіліктер дегендегеніміз?

Экономикалық емес игіліктер.
Табиғатта игіліктердің белгілі бір саны кездеседі ( ауа, жарық, климат) және оны ешқандай адам көмегінсіз шексіз пайдалана беруге болады.
Бұл игіліктер экономикалық емес игіліктер деп аталады.
Барлық -өнімдер мен адам қызметі мен табиғаты объектілері сипатына және тұтынылуына қарай екі үлкен топқа бөлінеді.
Жеке тұтынылатын және пайдаланатын игіліктер. Бұнда тұтыну тауарлары мен қызметтер жатады.


3. Игіліктердің ерекшелігін ата.
Игіліктердің ерекшелігі :
- аталған игілікке жекелеген тұтынушыларға салыстырмалы аз бірлікке дейін бөлінуі тән.
Қоғамдық тұтынлатын және пайдаланатын игіліктер. Бұнда :
- қоғамдық ұлттық байлық;
- табиғат ресурстары, өзен, көл, каналдар, көпірлер, электрмен қамту, сумен қамту, газбен қамту, жылумен камту кәсіпорындары;
- мұражайлар, кітапханалар, денсаулық сақтау және ағарту объектілері, өзге де әлеуметтік тұрмыстық игіліктер;
- көлік, байланыс, тұрғын-үй коммнуладық шаруашылық қызметтер, тұрмыстық қызмет,мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және ағарту.
Барлық жиынтық қызмет көрсету олардың жұмсалуына байланысты - өндірістік және тұтынушылық (тұрғындарға қызмет көрсету) қызметтер болып екіге бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет