Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


оған мал-дүниеден де кеңшілік берілмеген», – десті



Pdf көрінісі
бет218/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

оған мал-дүниеден де кеңшілік берілмеген», – десті. 
(Шамуил)

«Негізінен, сендерге оны Аллаһ таңдап, өзін білімде әрі 


241
 
 
тұлғада артық қылды. Аллаһ патшалықты қалағанына 
береді. Аллаһ – өте Кең, бәрін Білуші», – деді»

Сөйтіп, олар Талуттың патшалығына қарсы болып, оның 
басшылығында соғысудан бас тартты. Шамуил:
«Сендерге бұл Аллаһтың таңдауы екенін дәлелдейтін бір 
нәрсе алып келсем, сенесіңдер ме?» – дейді. Олар: «Иә», – деген 
жауап қайтарады. Сонда оларға пайғамбарлары: 
«Оның 
патшалығының белгісі: Раббыларың тарабынан 
(көңіл)
 
тыныштығы бар табыттың келуі. Онда Мұса мен Һарун 
отбасынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтеріп 
келеді. Егер сенген болсаңдар, расында, мұнда сендерге анық 
белгі бар», – деді»

Сол кезде көз алдарында амалиқтарға алдырып қойған 
сандықшалары көктен түсіп, алдарына әкелінді. Осыдан соң 
барып исраилдіктер Талуттың басшылығына бағынып, жауға 
қарсы жорыққа аттанды. 
Жол бойында Талут әскері бір өзенге
1
жақындағанда оларға 
Талут: 
«Расында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кімде-
кім одан ішсе, менен емес және кім одан татпаса, әрине, ол 
менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе, 
(оның жөні)
 
басқа», – деді»
.
Бірақ қаталап, қатты шөлдеп келе жатқан әскердің азғантайы 
болмаса, қалғанының барлығы судан қанып ішті. Аллаһ тағала:
«Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті»
, – деген.
Нәтижеде Талутпен бірге үш жүз оннан астам адам ғана 
қалды. Сахаба Бара ибн Азиб (Аллаһ оған разы болсын):
«Мұхаммедтің 
(с.а.с.) 
Бәдір 
шайқасына 
қатысқан 
сахабаларының саны Талуттың онымен бірге өзеннен өткен 
әскерінің санындай еді»
, – деген
2

1
Бұл Йордан өзені деп айтылады. 
2
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет