Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


алмай жүр. Олар аспандар мен жердегі жасырылғанды



Pdf көрінісі
бет232/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

алмай жүр. Олар аспандар мен жердегі жасырылғанды 
сыртқа шығаратын және сендердің жасыратындарың мен 
жариялайтындарыңды білетін Аллаһқа сәжде етпейді ме? 
Ұлы Аршының Раббысы – Аллаһ. Одан басқа ешбір құдай 
жоқ»
, – деді. 
Бұл Билқис деген патшайым болатын. 
«Оған әрбір нәрседен 
несібе берілген»
еді. Оның ғажайып бір тағы болатын. 
Һудһудтың сөзін естіген Сүлеймен:
«Рас айтасың ба, жоқ, өтірік айтасың ба – оны көрерміз, 
(әуелі) 
менің мына хатымды оларға алып барып таста да, 
бұрылып күтіп тұр. Сөйт те,
(мұны) 
қалай қабылдайды,
(соны) 
бақыла»
, – деп жат елге өз сәлемін жолдайды. Һудһуд 
ұшып келіп, әміршісінің хатын Билқис сарайының төбесінен 


257
 
 
тастайды. Көктен түскен хатқа таңырқаған Билқис оны алып 
ашып қарағанда, соңында Сүлейменнің қолы қойылған:
«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим. 
Маған 
астамшылық 
көрсетпеңдер. Алдыма бойсұнған күйде келіңдер»
, – деген 
сөзді оқиды. 
Арасы алшақ екі елде (Билқис Йеменде, Сүлеймен 
Палестинада) сұлтандық құрған екі патша ешқашан кездеспеген-
ді. Сүлейменнен келген бұл хаттың мәселесін шешуге Билқис 
елінің ақсақалдарын жинап:
«Ей, ақсақалдар! Маған бір ардақты хат келді, ол 
Сүлейменнен... Менің бұл ісіме қатысты ақыл-кеңес 
беріңдер»
, – дейді. Ал олар Билқисқа:
«Біз – қарулы әскері бар күшті елміз, қалай шешуді өзің 
ойлап көр»
, – деп нақты ештеңе айта алмады. Сонда Билқис:
«Егер патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және 
беделділерін қор етеді. Олар осылай істейді. Мен оларға бір 
сыйлық жіберіп, елшілер немен қайтатынын көремін»
, – деп 
тоқтамға келеді.
Сөйтіп, ол қисапсыз мал-мүлік, асыл тастар, сыйлықтармен 
сол елге елшілер аттандырады. Патшайым тапсырған нәрселерді 
жеткізген елшілер жер-жаһандағы теңдесі жоқ, ұлы патшалықтың 
иесі, ешкім бағындыра алмайтын нәрселерді бағындырған, ешкім 
құра алмаған өркениеттің төрінде отырған патшаны көрді. 
Елшілер ханшайымдарының беріп жіберген сәлемдемесін 
Сүлейменнің алдына тартқанда, ол:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет