Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет247/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

адаммен тілдеспеймін»
дегенді қалай түсінеміз? Ол замандағы 
оразаның бүгінгі Исламдағы оразадан ерекшелігі сөз сөйлеуден 
де тыйылу еді. Бұл олардың шариғатына тән. Ал біздің 
1
Ғұламалардың кейбірі ол Жәбірейіл еді десе, кейбіреулері ол Иса еді 
дейді. 


275
 
 
шариғатымызда сөзден де тыйылатын оразаға тыйым салынған. 
Бұған дәлел: бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн астында тұрған 
кісіні көріп, адамдардан: 
«Бұл кім?»
– деп сұрайды. Адамдар 
оған: 
«Бұл – Әбу Исраил, ол ораза тұтып, отырмастан аяғында 
тік тұруға, көлеңкелемеуге және сөйлемеуге ниет еткен»
, – деп 
жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға: 
«Оған 
айтыңдар: отырсын, көлеңкеге барсын, сөйлей берсін және 
оразасын аяғына жеткізсін»
, – деді
1
.
Демек, оразаның мұндай түрі біздің дінімізде ғибадат болып 
саналмайды. 
Бір-бірінің артын ала келген уахилардан кейін Мәриямның 
көңілі тынышталып, ерік-жігерін жинақтап, нәрестесін алып 
Бәйтул-Мақдиске келді. Оны көрген бетте адамдар өзара 
«Мәриям?.. Баламен бе?..» деп күбірлей бастады. Оларға 
осыншалықты діндарлығымен танылған Мәриямның жасырын 
босанып келуі тосын жағдай еді. Адамдар оның айналасына 
жиналып қалды. 
– 
Ей, Мәриям!.. Сен бір аса ауыр 
(күнәлі)
нәрсемен келіп 
тұрсың ғой?! Ей, Һарунның қарындасы! Сенің әкең жаман 
кісі емес еді, шешең де арсыз емес-ті
, – десті. 
Олардың
«Һарунның 
қарындасы»
деулерінде Һарун 
пайғамбар мақсат тұтылып отырған жоқ. Мәриямның ізгілігімен 
танылған Һарун атты ағасы болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Олар 
(балаларына)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет