Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының
алдын алу мақсатында қосымша білім беру ұйымдарында білім
беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуыжағдайында мектептен тыс ұйымдардың қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ балалардың қосымша білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін балаларға қосымша білім беру (бұдан әрі – БҚББ) ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді.
2. БҚББ ұйымының басшысы пандемия кезеңінде білім беру процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша білім алушыларды, педагогтерді, басқа да қызметкерлерді, ата-аналарды (заңды өкілдерді) қолжетімді байланыс түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.
3. БҚББ ұйымының басшысы білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, білім беру процесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, жоғары тұрған басқару органға және білім беру процесіне қатысушыларға қабылданған шаралар туралы шұғыл ақпарат береді.
4. БҚББ ұйымының әкімшілігі білім беру процесінің барлық қатысушыларымен:
әр адамның денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігі және сақтық шаралары туралы;
телекоммуникациялық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып білім алушылармен жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
5. БҚББ ұйымының әкімшілігі білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері мен басқа да мәселелер бойынша жоғары тұрған білім беру басқару органымен, басқа да мемлекеттік органдармен күн сайын байланыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |