Биология пәнінде жаңа технологияларды пайдалану
Алматы қ., ҚазмемҚызПУ
ПарманбековаМеруерт Хамитбекқызы-б.ғ.к., қаум.проф.м.а.
Аннотация:
Жоғары сынып оқушыларына жаңа инновациялық технологиямен сапалы білім беруде оқытудың педагогикалық шарттары айқындалып, мазмұндық-құрылымдық үлгісі берілген, оны жүзеге асырудың тиімді жолдары, білім сапасы артып, оқушының жеке танымдық қабілеті жоғарылайтыны айтылған .
Түйін сөздер: Инновация, технология, компьютер, интербелсенді тақта, DVD, CD-ROM және Интернет.
В статье даны о разработке способов и форм организации качественного воспитательно-образовательного процесса используя инновационные технологий.
Ключевые слова: Инновация, технология, компьютер, интерактивная доска, DVD, CD-ROM , Интернет.
Annotation
To determine the basic principles and the use of innovative technologies aimed at the personal development of students in the upper grades;
- Theoretically define essence of the concept of new ways organizovatsy of a teacher;
- Learn the comprehensive development of the senior classes in secondary schools as individuals.
Key words: innovation, technology, computer, interactive whiteboard, DVD, CD-ROM , internet.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады – деп атап көрсеткен [1].
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі, қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. «Неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», нәтижелі қалай оқыту керек?», - деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «технологиялық» жолмен жүруге әрекет жасады. Оқытуды нәтижесінде кепілдемесі бар өндірістік технологиялық процеске айналдыру, осыған байланысты педагогикалық технологиялар бағыты пайда болды. Педагогикалық әдебиеттерде «технология» түсінігі әр түрлі сөз тіркестерінде қолданылады: педагогикалық технология, ақпараттық технология, компютерлік технология, білім беру технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы, оқытудың дәстүрлі технологиясы және т.б олардың даму динамикасы сол құбылыстың эволюциясында көрініс табады.
Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу – әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Жалпы технология бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ беру үрдісінде қолдану өте тиімді жолдардың бірі.
Әдетте интерактивті әдістемені ол оқушылардан қазіргі демократиялық қоғамға қажетті тәжірибелерді талап ететіндіктен таңдайды. Бұдан әрі «интерактивті оқыту» термині түсіндіріліп, бұлайша оқытуды не үшін және қашан қолдануымыз керектігі айтылады. Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені біз талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол-оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы [2].
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Жаңа технологиялардың бірі қашықтан оқыту әдістері – белгілі бір аралықта тұрып оқытудың тиімділігі мен нәтижелігін қамтамасыз ететін іс – қимыл түрлері.
Қашықтан оқыту – дегеніміз мұғалім мен оқушының тікелей қарым- қатынасы шектеулі не болмаса оның болмауы, тек техника құралдары арқылы білім мазмұнын меңгерудің түрі.Қашықтан оқыту әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде ХХ ғ. ортасынан бастап алынды.
Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл-байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио-, бейне- және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары. Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады [3]
Қашықтан білім беру – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедия жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді [4]
Жоғары сынып оқушыларына модульдік жүйемен оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру және оның нәтижелері.
Жоғары сынып оқушыларына модульді оқыту барысында теориялық жан-жақты зерделеу эксперимент арқылы дәлелдеуді қажет ететін тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызды:
Бұл тұжырымдарды педагогикалық зерттеулердің сенімді әдістерінің бірі ретінде біз тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексердік [5,6,7].
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мақсаты – жоғары сынып оқушыларының модульді жүйемен оқытудың моделін жасап, өткізу және оның педагогикалық шарттарын тәжірибе жүзінде тексеру.
Педагогикалық экспериментті әзірлеу және өткізу төмендегідегі негізгі кезеңдерді қамтиды.
- Эксперименттік мақсатын анықтау.
- Эксперименттік жұмыстың жоспарын және оның нәтижелерін ескерту жүйесін жасау.
- Экспериментті жоспарға сәйкес өткізу.
- Эксперименттердің нәтижесін жүйелі түрде ескерту.
Біздің зерттеу жұмысымыздың болжамы мен мақсатына сәйкес мынадай міндеттерді қойдық:
1) жоғары сынып оқушыларының сабақтарына модульді жүйені қалыптастырып деңгейін айқындау;
2) педагогикалық шарттарын енгізе отырып, жоғары сынып оқушыларында модульдік оқытуды жүзеге асыру;
3) алынған нәтижелерді теориялық талдаулар және математикалық статистика әдістерінің көмегімен өңдеу.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Алматы қаласындағы №67 және № 158 орта мектептерінде жүргізілді. Экспериментке 10-11 сынып оқушылары қатысты. Эксперимент үш кезеңнен тұрады: анықтау, қалыптастыру және бақылау, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру эксперименті.
Анықтау эксперименті кезінде жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен арнайы дайындалған тест сұрақтарына, бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы білім және біліктіліктері анықталып сұрыпталды.
Бақылау эксперименті барысында оқушыларда модульді оқыту бағдарламасында көрсетілген білім негіздерін бере отырып, оқушылардың білім мен тәрбиелік деңгейлерін анықтау мақсатында өткізілген сабақтар көрсеткіші де зерттеу жұмысымыздың нәтижелі болғанын байқатты. Сабақтар нәтижесі анықтау экспреименті барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда оқушылардың жалпы сауаттылық жөніндегі білім деңгейлерінің білім, біліктілігінің анағұрлым артқандығын көрсетті (Кесте 1).
Эксперимент және бақылау топтарының құрамына жалпы білім беретін орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары алынды. Эксперимент тобына Алматы қаласындағы №67 орта мектебінен , ал, бақылау тобына Алматы қаласындағы№158 , орта мектебінен оқушылар қатыстырылды.
Бақылау тобындағы оқушыларға дәстүрлі әдістер қолданылып сабақ өткізілді, эксперименттік топқа – жаңа технологиялық әдістер қолданылып,модульдік жүйемен сабақ жүргізілді.
Кесте 1 – Білім берудің модульдік жүйесі бойынша оқушыларда білім деңгейлерінің қалыптасу көрсеткіштері
№
|
Деңгейлері
|
Эксперимент тобы
|
Бақылау тобы
|
Эксп.дейін
|
Эксп. кейін
|
Эксп.дейін
|
Эксп. кейін
|
1
|
Жоғары
|
29 (26,4 %)
|
54 (49,1 %)
|
31 (28,2 %)
|
33 (30 %)
|
2
|
Орта
|
38 (34,5 %)
|
43 (39,1 %)
|
42 (38,2 %)
|
46 (41,8 %)
|
3
|
Төмен
|
43 (39,1%)
|
13 (11,8 %)
|
37 (33,6 %)
|
31 (28,2 %)
|
Эксперимент тобы мен бақылау тобындағы оқушылардың модульдік оқытудағы білім сапасы деңгейлерінің диаграммасы құрылды (Сурет 1).
Сурет 1- Эксперимент тобы мен бақылау тобындағы оқушылардың модульдік оқытудағы білім сапасы деңгейлерінің диаграммасы
Сабақ беру нәтижелері бойынша, эксперимент тобында жоғары деңгейді көрсеткен оқушылар 26,4 % болса, эксперимент соңында - 28,2 % көрсеткен. Орта деңгей 34,5 %-тен 39,1 % -ға дейін жоғарлаған, ал төменгі деңгей 39,1% -дан 11,8 %-ға дейін төмендеп, жақсы нәтижеге қолжеткен. Ал, бақылау тобындағы оқушылардың көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер білінбейді.
Эксперимент қорытындысында алынған нәтижелер және оларды талдау төмендегіше тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
- мектеп оқушыларын модульдік жүйемен оқытудың ғылыми негіздемесі жасалды;
- оқушыларда модульдік жүйемен оқытудың белсенді формалары артып, өз беттерімен жұмыс жасай білу икемділіктері артып, білім деңгейлері артты.
Қорыта келе инновациялык технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлганы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрене алады. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады және жаңа технологияның дамыта және деңгейлеп оқыту әдістері оқушы білімін жүйелеуге, таным деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік береді.
Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 27 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «»Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы Оңтүстік Қазақстан,28 қаңтар 2012.
3. Справочная правовая система ЮРИСТ, 22.08.2006 10:42:13.
4. Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 стр.
5. Жас ұрпақты әлеуметтендіру-заман талабы [Текст] / М. Е. Демеуова // Педагогикалық кеңес-Педагогический совет. - 2009.-№2. - С. 5-7.
6. Оқыту технологияларын топтастыру [Текст] / Д. К. Қалиакпар // Қазақ тілі . - 2007.-№4. - С. 31-33
7. Инновационное обучение: стратегия и практика. /Под.ред. В.Я. Ляудис. - М.: Изд-во МГУ, 1994.
8. Мухина Т.П. Мультимедиапроекты в образовательном процессе Биология в школе 2010 №10
Достарыңызбен бөлісу: |