Пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі


*+Қарапайым гингивоэктомия



бет122/131
Дата27.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#129938
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   131
Байланысты:
пародонтология тест

*+Қарапайым гингивоэктомия

*Радикальды гингивоэктомия

*Лоскутті операция

*Гингивотомия

*Жабык кюретаж

#345


*!Жасы 29-дағы әйел қызылиегінің түрінің ерекшелігіне және эстетикалық ыңғайсыздық туғызатындығына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек жиегі деформацияланған, қызылиек бүртігі ұлғайған, ақшыл-қызыл түсті, тістер сауыттарының көп бөлігін жапқан. Сипап тексергенде консистенциясы тығыздау, ауырмайды. Шиллер-Писарев сынамасы теріс.

Төменде көрсетілген хирургиялық емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

*+Қарапайым гингивоэктомия

*Түбегейлі гингивоэктомия

*Қиықтап кесу операциясы

*Гингивотомия

*Жабық кюретаж

#346


*!55 жастағы әйел қызыл иектен іріңнің шығуына, тістерінің козғалғыштығына,тамақтанғанда қызыл иегінің канағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл иек көгерген, ісінген, зондпен сүңгілегенде тез қанайды. 16,17,26,27 тістерде пародонт қалтасы 6мм, іріңді эксудат, 32,36,37,42 тістерінде пародонт қалтасы 8мм, қозғалғыштығы 3 дәрежелі. Қызылиек асты және үсті тіс тастары бар.

Төменде көрсетілген хирургиялық емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

*Жабық кюретаж

*Лоскутты операция

*Ащық кюретаж

*Қозғалмалы тісті шендеу

*+3 дәрежелі қозғалғыштағы тісті жұлу

#347


*!32жасар науқас тісін тазалаған кезде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде қызылиек қызарған. Алдыңғы тістер мен үлкен азу тістердің мойны мен түбірлері жалаңаштанған. Парадонт қалталары 5 мм жетеді, тіс қозғалғыштығы 1-2 дәрежелі.

Төменде көрсетілген қосымша тексеру әдістердің қайсысын емдеу жоспарын құру мақсатында қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

*Цитологиялық

*Морфологиялық

*Бактериологиялық

*+Рентгенологиялық

*Микробиологиялық

#348


*!28 жастағы ер адам тісін тазалағанда қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде көптеген тіс шөгінділері, қызылиектің бүртікшелерінің қызарғаны, ісінгені, зондпен сүңгілеп тексергенде қанайтындығы байқалады. Жеке тістерде парадонт қалталары 3,5 мм жетеді.

Төменде көрсетілген қосымша тексеру әдістердің қайсысын емдеу жоспарын құру мақсатында қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

*+ортопонтограмма

*қанның жалпы анализі

*қызыл иек сұйықтығының цитологиясы

*реопародонтография

*полярография

#349


*!43жастағы әйел жоғары жағындағы алдыңғы күрек тістерінің козғалғыштығына тістер арасында саңылаудың болуына, қызыл иегінің ісінгеніне, қанғыштығына шағымданады. Осындай жағдайлар жылына үш рет кайталанған. . Стоматолог дәрігерге жылына 2 рет каралады. Қарап тексергенде: ауыз куысының шырышты кабаты өзгеріссіз, кызыл иек ісінген,қызарған,шұқып тексергенде канайды. 13 12 11 21 22 23 тістер маңында пародонт калтасынның тереңдігі 5 мм, 12 11 21 22 тістері 1және 2 дәрежелі тістері қозғалмалы.

Төменде көрсетілген хирургиялық емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

*Гингивоэктомия

*Гингивотомия

*Тіс кактарын алу

*+ашык кюретаж

*Жабык кюретаж
#350

*!40 жастағы әйел адам қызылиегінің қанағыштығы, тісінің қозғалғыштығына шағымданады. Қарап тексергенде; қызылиек көкшілденген және қызылиек жиегі атрофияланған, кейбір тістердің түбірлері 1/3-1/2 жалаңаштанған, 1-2 дәрежелі тістің қозғалғыштығы, тіс шөгінділері, байкалады. Пародонт қалталар тереңдігі 5 мм жетеді.

Төменде көрсетілген хирургиялық емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

*Гемисекция

*Гингивотомия

*Гингивэктомия

*+жабықКюретаж

*Лоскутті операция

#351

*!48 жастағы ер адам тістін жуғанда қызыл иегінің қанайтынына және төменгі жағының алдыңғы тістерінің қозғалмалығына шағымданады. Қарап тексергенде; төменгі жағының ауыз кіре берісі тар, қызыл иек кілегей кабаты көгерген,11,12,21,22, тістерінің тұсында қызылиектің 2/1 деңгейге ашылғаны байкалады. 11,12,21,22, тістерінің 2- дәрежелі қозғалмалылығы анықталады.



Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

*Ашык кюретаж

*Гингивэктомия

*Жабык кюретаж

*Лоскутті операция

*+Тістерді шендеу

#352

*!22 жастағы ер адам тісін тазалағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде көптеген тіс шөгінділері, қызылиек бүртікшелерінің қызарғаны, ісінгені, зондпен сүңгілеп тексергенде қанағыштығы байқалады. Жеке тістерде парадонт қалталары 3,5мм жетеді.

Ауыз қуысының гигиенасының деңгейін анықтауда қай әдісті қолданған НЕҒҰРЛЫМ жөн?

*Фукса

*+Грин-Вермиллион сынамасы



*ПМА

*Федорова-Володкиной

*Айнамо



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет