үшіншісі,
патшалық және Кеңестік билік жүйелерінде жойылып кете
жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін қалпына
келтіру үшін шешімді реформалық саясат қажет болды. ХХ ғасырдың 90-
жылдарының ортасына қарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне
бастады, ұттық рухы оянды, кінді қаны тамған жеріне ұлттық құндылықтарын
ақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады,
имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болып
отырған қазақ ұлтының ұлттық санасының ерекше ояну кезеңі, ұлттық
рухының тарихында бұрын соңды болмаған еркіндеп көтерілу кезеңі десе де
болады.
Жалпы сол кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің
Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың
нәтижесі ғана деп түсінбеуі керек. Осымен қатар егемендік алған кездің
алғашқы жылдарында өзге ұлт өкілдерінің өз отандарына қоныс аудару ісі
арнайы қарқын алды (тенденциясы). Осы жәйтті талдау барысында сыртқа
көшуінің мынадай себептері де белгілі болды. Олардың ішінде:
біріншісі, бұрынғы КСРО сияқты территориясы, халық саны және
ұстанған сыңаржақты идеологиясы тұрғысынан үлкен мемлекеттің ыдырауы
ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында этностар бойында болашағына
деген белгілі бір сенімсіздік туғызады. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз
мемлекеттілігі бар елге көшті;
екіншісі, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің
санасында этноцентристік сезім мен негізгі отанын іздеу ұмтылысы уақытша
болса да арнайы тенденциялық алды;
үшіншісі, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына
оралу туралы ұмтылысы бел алуы объективті құбылыс. Әсіресе мұндай себеп
кезінде Қазақстан жеріне сыңаржақты саясат ықпалымен көшірілген неміс, т.б.
халықтарға тән болды.
Достарыңызбен бөлісу: