4.Курстың қысқаша сипаттамасы.
Кіріспе. Экология пәні мен міндеттері. Қоршаған ортаны қорғау және өмір сүру қауіпсіздігін
басқарудың және мемлекеттік жүйенің құрылымы, міндеттері, құқықтары, рөлі мен маңызы.
Табиғатқа, атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотикалық қауымдастықтарға антропогендік
әсер. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы.
Жаһандық экологиялық мәселелер.Табиғи және техногендік апаттар мен авариялар. Бизнес түсінігі
және мәні. Бизнес субъектілері. Бизнес саласындағы негізгі қызмет түрлері. Бизнес түрлерін жіктеу.
Кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. Инновацияларды басқару. Бизнестегі көшбасшылық. Құқық
мемлекеттік қызметтің экологиялық және экономикалық салаларын реттейтін негізгі құрал ретінде.
Құқықтың ұғымы, нормалары, жүйесі, қайнар көздері. Заңдылық, құқық тәртібі, заңды мінез-құлық.
Қазақстандық құқықтың негізгі салалары. Конституциялық құқық. Азаматтық құқық. Әкімшілік
құқық. Қылмыстық құқық. Салық құқығы. Еңбек құқығы. Сыбайлас жемқорлық ұлттық және
экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қауіптерінің бірі ретінде. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының
теориялық-әдістемелік
негіздері.
Қазақстандық
қоғамының
әлеуметтік-экономикалық
қатынастарын жақсарту негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы білім беру және тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет. Заманауи білім беру контексіндегі академиялық адалдық. Мемлекеттің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясаты. Сыбайлас жемқорлық үшін заңды жауапкершілік. Салық және
бюджетке төленетін басқа да төлемдер саласындағы қылмыстарды талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |