Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет582/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу әдістері: 
ғылыми әдебиеттерді талдау, жинақтау, салыстыру. 
Зерттеу нәтижелері: 
Экологиялық білімнің бірегейлігі ‒ ол білім беру процесінің мақсатын жаңаша 
орынға  қойып  отыр.  Экологиялық  білім  беру  білім,  білік,  дағды,  практикалық  танымдық  және 
шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесін,  сондай-ақ  құндылық  қарым-қатынастарды,  көзқарастар  мен 
сенімдерді қалыптастыру процесін бейнелейді. Осыған байланысты экологиялық білім берудің маңызды 
мақсаты жеке тұлға мен қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1978 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам 
мен биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде 
табиғат  ресурстарын  қорғау  және  оны  тиімді  пайдалану  туралы  бағдарлама  жасалып,  кең  экологиялық 
сипат алған болатын. Бұл бағдарламаға 100-ден аса мемлекет қолдау көрсетті. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаевтың  ұсынған  «Қазақстан-2050»  стратегиялық 
бағдарламасында  осы  мәселеге  айрықша  көңіл  бөлінгенін  атап  өткен  жөн.  Дамудың  осы  стратегиялық 
бағытына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  1999  жылы  4  қаңтарда 
«Экологиялық  білім  бағдарламасын»  бекіткен  болатын.  Аталған  құнды  құжаттарды  басшылыққа  ала 
отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі 
тиіс.  Қазақстан  Республикасы  тұрақты  дамудың  жаңа  жолына  түскен  кезеңде  жастарды  ізгілікке, 
парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-
адам»  жүйесіндегі  қарым-қатынастардың  шиеленісуі  жылдан-жылға  күшейіп,  экологиялық  зардаптар 
жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет