«Оған жақсы сөз көтеріледі, сӘлих амал оны көтереді» 1
. Ол жайында Абдуррахман ибн Ажлан бы
-
лай деген:
– Бір күні Әр-Рабиғпен бірге түнедім. Менің ұй қыға кеткеніме
көзі жеткенде тұрып намаз оқыды. Намазда мына аятты оқыды:
«Күнә істерді істегендер иман келтіріп, сӘлих амал жасаған- дармен өздерінің өмірлерін, өлімдерін бірдей қылады деп са- най ма! Ойлап жатқандары (қандай) жаман» 2
. Түннің бәрін осы
аятты оқумен өткізді. Көзінің жасы судай ағып, осы аятты қайта
-
лап оқи берді.
Әр-Рабиғтың тақуалығы мен Алладан қатты қор қатыны жайын
-
да көптеген риуаяттар бар. Достары мына оқиғаны айтады:
Сахаба Абуллаһ ибн Масғұдпен бірге жолға шық тық. Арамы
-
зда Әр-Рабиғ ибн Хусәйм де бар еді. Ефрат өзенінің жағалауын
-
да орналасқан бір алаулап жа нып жатқан пештің қасынан өттік.
Шоғы ұшып, оттың тілі ауаны жалап жатқандай. Гүрілдеген даусы
да адам шошырлық. Әр-Рабиғ отты көргенде орнынан қозғалмай
тұрып қалды. Үстіне найзағай түскендей болды. Құранның мына
аятын оқыды: