ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері


 «Менің көңіл күйім»  жаттығуы



Pdf көрінісі
бет122/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

  7. «Менің көңіл күйім»  жаттығуы 
  Берілген  ақ  параққа  бүгінгі  сабақтан  алған  әсерлерін,көңіл 
қүйлерін суреттеп салу. 
  Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет! 
 
Тақырыбы:  ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР 
 
  
Мақсаты:
    студенттерге  “өнер”  ұғымын  түсіндіру,  өнерге 
құштарлық сезімдерін ояту, эстетикалық  тұрғыда тәрбиелеу 
  
Көрнекілігі:
  тақтада  ақ  бетке  салынған  күн,  бұлт, 
жаңбырдың суреттері, плакат “Өнерлі өрге жүзер”. 


110 
 
  Құрметті  студенттер!  Бүгінгі  біздің  “Өнерлі  өрге  жүзер” 
атты  тақырыбындағы  сабағымызды  ашық  деп  жариялаймыз.  Ең 
алдымен сабағымызды релаксациядан бастасақ. 
  Көзіңізді  жұмыңыз  және  бірнеше  рет  терең  тыныстаңыз; 
денеңізді бос ұстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат 
жасаймыз.  Теңіз  жағасымен  келе  жатқанңызды  елестетіңіз. 
Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ  
түріңіз.  Жалаң  аяқтарыңызбен  құмды  сезініңіз.  Шалғайдан  қара 
нүкте  көріп  тұрсыз:  ол  жақындаған  кезде  дельфин  екенін 
түсіндіңіз.  Ол  сізді  теңіз  түбіне  алып  кету  үшін  келді.  Ол  өте 
әдепті  жәндік,  сізді  шыдамдылықпен  күтіп  тұр.  Жайлап  оның 
арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің 
арқасында  жайланып  отырып,  өзіңді  қауіпсіз  сезіну,  су  астында 
жүзу  қандай  керемет.  Жан  –жағыңызға  қараңыз:  мұнда 
кемпірқосақ  тәрізді  арлы-берлі  жарқырай  қалқыған  әсем 
балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша 
өзгереді,  суда  тербелген  қаншама  ғажайып  балдырлар. 
Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз 
тастаңыз...бұл  орасан  зор  сегізаяқ.  Су  асты  неткен  қызықты  әрі 
ғажап  әлем.  Сіз  бір  нәрсені  байқадыңыз  ба?  Мұнда  неткен 
тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. 
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. 
Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және 
тыныштыққа  құлақ  түріңіз.  Осындай  тыныштық  сізге  самалдай 
әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне 
шықтыңыз, жағаға жаындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, 
оны  сипалаңыз  және  осындай  ғажап  саяхатқа  апарғаны  үшін 
ризашылық білдіріңіз. 
  Сыныпқа  оралыңыз  және  өз  орныңызға  келіңіз.  Бірнеше 
секундтан  соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз 
бойыңызды сақтауға тырысыңыз. 
  Ширату сұрақтары:  
1. Өнер дегенді  қалай түсінесіз? 
2. Өнерлі дегеніміз кімдер? 
3. Тобымызда өнерлі адамдар бар ма? 
4. Өнердің қандай түрлерін білесіздер? 
5. Өзіңіздің білетін өнерлі адам туралы айтып берсеңіз? 
          Абай  атамыз  “туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең, 
өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең”    деген  екен.  Адам  баласы 


111 
 
туғаннан  о  дүниеге  кеткенге  дейінгі  өмірі  осы  әнмен,  күймен, 
қазақтың дәстүрлі өнерімен тікелей байланысты. Әннің сөзі бар, 
түсінуге  болады.  Ал  күй  тылсым  –дүние.  Қазақта  өнер  алды 
қызыл  тіл  деген  сөз  бар.  Тілмен  біреудің  көңілін  жаралап 
өлтіруге  де,  өлейін  деп  жатқан  адамды  тірілтуге  де  болады.  Ал 
күй  өнеріне  келсеңіз,  баяғыда  Жошы  хан:  балам  жайында 
жаманат  әкелген    адамның  көмейіне  балқытылған  қорғасын 
құямын  дегесін,  небір  шешен,  ділмарлардың  тілі  байланып, 
қаралы  хабар  жеткізуге  дәттері  жетпегенде,  бір  домбырашы 
келіп,  қайғылы  күй  ойнап  баласының  өлімін  ханның  өз  аузынан 
айтқызған.  Мінекей,  күйдің  құдіреті!  Демек,  тіл  тоқтаған  жерде 
күй жүреді деген сөз.  
            Кезек  әлемді  таңғалдырған  өнер  иелері  туралы 
видеоға көз жүгіртсек. Видеодан алған әсерлермен бөлісу. 
       
Ойындар. 
       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет