ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет86/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

Сұрақ – жауап айдары: 
  Кішкентай кезінде кім болғың келді? 
  Неліктен? 
  Қазір сол арманыңыз орындалды ма? 
  Қазіргі  таңдаған  мамандығыңызда  өз  жүрек  қалауыңызбен 
оқып жатырсыз ? 
  Қандай армандарыңыз бар? 
  Болашақтан үмітіңіз зор ма? 
  
Сергіту сәті: «Қаншалықты тез жиналамыз?» ойыны 
  
Ойын  барысы:
  барлық  студенттер  ортаға  шығада  және 
олардан сөйлемеулері сұралады, бірақ оған қарамастан өздерінің 
туған күндерінің айларына байланысты тез жиналуы қажет.  
 
  
Тест «Көгілдір құс» 
  Күндердің  бір  күнінде  көгілдір  құс  бөлмеңізге  терезеден 
ұшып кіріп, торға түсіп қалады. Адасқан құстың бір қасиеті сізді 
қызықтырып,  сіз  оны  өзіңізде  қалдыру  туралы  шешім 
қабылдайсыз.  Бір  қызығы,  ол  құс  келесі  күні  түсін  сарыға 
өзгертеді.  Осылайша  бұл  таңғажайып  құс  әр  күн  сайын  жаңа 
түске  боялады:  үшінші  күні  –  қызыл,  төртінші  күні  –  қап  қара. 
Бесінші күні сіз оянған кезде құстың қауырсындары қандай түске 
боялады деп ойлайсыз? Немесе боялғанын қалайсыз? 
  1. Құс түсін өзгертпей сол күйінде қалады. 
  2. Ол бастапқыдағыдай көгілдір түске боялады. 
  3. Ол ақ түске боялады. 
  4. Құс алтын түске боялады. 
  
Жауабы: 
   
Сіздің  бөлмеңізге  ұшып  келген  құс  бастапқыда  бақыт 
пен  табыстың  символы  болып  көрінгенімен,  күтпеген  жерден 


78 
 
түсін  өзгертеді.  Осыдан  кейін  бойыңызда  бұл  қуаныш  сезімі 
ұзаққа созылмай ма деген қорқыныш пен күдік пайда болады. Ал 
сіздің  таңдаған  жауабыңыз  алдыңызда  кездескен  қиындық  пен 
жайсыз  оқиғаларға  қандай  жауап  қайтаратындығыңызды 
көрсетеді. 
  1.  Құс  сол  күйінде  қара  болып  қала  береді  дегендер  өмірге 
пессимистік  көзқараспен  қарайды.  Сіз  жаңбырдан  кейін 
кемпірқосақтың  шығатынына  сенбейсіз.  Мүмкін  сізге  барлығы 
осыншалықты  жаман  болса,  бұдан  артық  қайда  барады  деп 
ойлаған  дұрыс  болар.  Есіңізде  болсын  бітпейтін  жауын-шашын 
немесе таңды атырмайтындай түн жоқ. 
  2.  Ал  құс  бастапқы  қалпына  келіп,  қайтадан  көгілдір  түске 
боялады  дегендер  өмірге  оптимистік  көзқараспен  қарайды.  Сіз 
өмірдің  жақсы  және  жаманнан  құралып,  екеуінің  қатар 
жүретініне  сенесіз.  Шындықты  қалай  бар,  дәл  солай 
қабылдайсыз.  Өмірдің  алып  кедергілерін  сабырмен  қабылдап, 
күйзеліске  бой  алдырмайсыз.  Осы  қасиетіңіздің  арқасында  өмір 
арнасында адаспай, қашан да болсын сергек ойлай аласыз. 
  3.  Ал  құс  қауырсындары  ақ  түске  өзгереді  дегендер  қиын-
қыстау  кезеңде  сабыр  сақтап,  дұрыс  шешім  қабылдайды. 
Дүниенің  астаң-кестеңі  шығып  жатса  да,  уайым  мен  қайғыға 
уақыт  жұмсамайсыз.  Қателескеніңізді  біле  салысымен,  оны 
түзеуге асығасыз. 
  4.  Ал  құс  алтын  түске  боялады  деп  жауап  бергендерді  еш 
нәрседен  қорықпайды  деп  айта  аламыз.  Сіз  нағыз  қиындықтың 
дәмін  татып  көргенсіз.  Сол  қиындықтардың  арқасында  әрдайым 
сабақ  алып,  жігеріңізді  қайрайсыз.  Сіздің  ұстанымыңызды 
Мұқағалидың «Шыда, жаным, шыдай түс, шыда тағы, мына өмір 
шыдамдыны ұнатады» деген сөздерімен салыстыруға болады. 
 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет