3
1.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан
барысында меңгерген білім мен білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған
оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3.
«Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер
Білу
-
құқық пәні мен ұғымын;
-
заманауи құқық жүйелерін;
-
іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адам құқығы, демократия,
азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі;
-
қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын;
-
құқық дереккөздерін біледі.
Түсіну
-
мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы;
-
қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық санаттарын;
-
құқық мазмұнын, нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде
азаматтың міндеттері мен жауапкершілігін;
-
әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу
қажеттілігін;
-
тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін түсінеді.
Қолдану
-
күнделікті өмірде және практикалық әрекетінде құқықтық ақпаратты;
-
құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сәйкес іс-қимыл мен мінез-құлық
тәртібін таңдау кезінде;
-
құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындау кезінде, сондай-ақ
бұзылған құқықтарды қорғау кезінде;
-
тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіну кезінде;
-
өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде
қолданады.
Талдау
-
қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен тетіктерді;
-
құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін;
-
қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық
жағдаяттарды;
-
жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің
ерекшеліктерін;
-
түрлі деректерден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды талдайды.
Жинақтау
-
қоғамда әлеуметтік бейімделу үшін құқықтық және адамгершілік нормаларын
ескере отырып, түрлі практикалық жағдаяттардағы мінез-құлық моделін
4
жинақтайды.
Бағалау
-
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз
үлесін қосу мүмкіндігін;
-
қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық
мәнін;
-
нақты мәселелерді шешуде саналы белсенділік таныту қабілетін көрсету;
-
адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін
өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: