Искакова Ж. М., Симбаева С. О



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата19.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#103324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

«Мұхтар  Әуезовтің  жалпақ 
әлемге  жайылған  «Абай  жолы»  дәуірнамасынан  кейін  Абай 
бейнесіне бару –
 
тайғанақ
-
тайғақтағы тәуекел емес, дәрменсіз 
дәме  де  емес,  көзжұмбайдың  кеудемсоқ  өлермендігі  де  емес, 
өнериеттегі  өжеттілік,  талант  табандылығы!». 
Идеялық
-
көркемдік  дәрежесі  биік  реалистік  романда  ішкі  кеңістік  әдеби 
бейнелердің 
типтік 
қасиеттеріне, 
терең 
психологизміне, 
компоненттерінің  композициялық,  стильдік  бірлігіне  қарай 
жасалады.  Туындыда    Абайдың  ұлылығын  –
 
бүкіл  адамзаттық 
биік  дәрежеге  көтеріле  алғандығын,  Абайдың  үш
-
төрт
 
ауыз 
өлеңінің өзінде  көптеген ұлы теңеулер кездесіп отыратындығын 
дәлелдеген автор ақынның зор тұлғасын шебер беруге талпыныс 
жасаған.  Әсіресе,  Абайдың  адамгершілік  туралы  ұғымын  жаңа 
биік  сатыға  көтеруге,  адамзат  қауымына  үнемі  жаңа  идеялар 
ұсынып  отырғандығын  бүкпесіз  жазады.  Жазушы  Абайдың  дәуір 
озған  сайын  жұмбағы  тереңдей  беретін  тұлғасына,  өмірден  не 
алып,  не  нәрселерден  көбірек  қуат  алды,  айналасында  кімдер 
болды соларды өзгеше қабылдаумен беруге ұмтылды. 
 
 
М.Әуезов  «Абай  жолы»  шығармасы  арқылы  ұлы  ақын 
есімін әлем оқырмандарына танытты. Ол – Абайдың ақын-азамат 
ретіндегі  шынайы  көркем  бейнесін  жасаумен  қатар,  ақын 
мұрасын  жинау,  зерттеу,  саралау,  оларды  әр  түрлі  теріс 
көзқарастардан  қорғап,  саф  қалпында  бүгінгі  оқырманға 
жеткізуде  де  үлкен  қызмет  атқарған  қайраткер.  М.Әуезов  өз 
романында  Абайдың  дүниетанымындағы  өзгерістер  мен  өзіндік 
көзқарастардың, өмірлік күрес жолының қалыптасуына тереңінен 
үңілген  және  Абай  таңдаған  жолдың  тарихи  себептерінің  көзін 
табуға айырықша мән берген. 


19 
 
  
Автордың  бұл  роман
-
хамсасы  бірнеше  бөлімнен  тұрады, 
алғашқы кітап “Толғақ”, екінші кітап “Жұлдыз құрбандық”, үшінші 
кітап “Қызғаныш”, төртінші кітап «Хақиқат мекені», бесінші кітап 
«Нұрсипат»  деп  аталып,  Абайдың  балалық,  жасөспірім  шағынан 
өмірінің  соңғы  кезеңдеріне  дейін
 
толық  бейнеленеді.  Осы  тарау 
аттарының  өзі  романның  тұтастығын  сақтай  отырып,  дербес 
қабылдауға  жетелейді.  Абай  жас  шағында
-
ақ  ірі  істерге 
қатысарлық  сана
-
парасаты  жетілген,  жас  жігіттің  кемелденгенге 
дейінгі  өмір  оқиғалары,  естіген,  көргендері,  өскен  ортасы,  алған 
тәлім
-
тәрбиесі,  елеулі  болмыс
-
бітімі  іріктеліп,  шығарма  желісіне 
өрілген.
 
 
“Абайдың  жұмбағы”  роман-хамсаның  басында-ақ,  Абай 
дүниеге  келген  сәт  айрықша  суреттеліп,  жаңа  туған  нәрестенің 
өсу  жолының    өзіндік  заңдылықтарын  қарт  әжесі  Зере  мүлт 
жібермегендей:  
 
“- Тіпә-тіпә… тілім тасқа! Алтын тақта отырар айбарым 
келіпті  ғой…-  деді де сол тұрған  жерінде жеңсізінің  омырауын 
ашып жіберіп, жыбыр қағып қозғалған нәрестені кеудесіне баса 
қойып:  -  Өзімнің  балам…  Өзім  асырып  ер  жеткізем…  -  деп 
күбірлеп  сөйлеп    кетті”,-
  дейді.  Абайдың  өр  мінезі  жасөспірім 
кезінде  көріне  бастағанын,  жанары  оттай,  өткір,  шымыр, 
шыншыл,  дос-жанды,    жайдары  болып  өскенін  кейіпкер  мінез-
құлқын  бергенде,  өз  бойына  шақ  бояу,  өрнектері  ашық,  әрі 
үйлесімді етіп суреттеледі. 
 
Жазушы  романда  Абайдың  балалық  шағы  мен  жастық 
дәуренін  алғашқы  кітаптарда  топтап,  есейіп,  ес  жиған  өмір 
кезеңдерін  де  әрбір  нақтылап,  сенімді  күрес,  тартыс  арқылы 
шебер  суреттеген.  Бұл  романда  адам  өмірі  шығармашылықпен 
жүзеге  асырыла  отырып,  замана  қаһарманын,  оның  рухани  жан-
дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен өрнектеп, 
Абай  характерін  ашуды  биік  мұрат  тұтқан.  Абай  өмірдегі  өз 
қалпын сақтап, шынайы сөзін айта алғандай әсер етеді. 
 
Көркем шығармада адам бейнесін мүсіндеудің жолдары көп 
екені 
аян. 
Адам 
бейнесін 
айқындайтын 
көркемдік 
компоненттердің  бірі  -  портрет.  Портрет  әр  адамның  өзіндік 
сипатын, өзара бітімін танытуға да елеулі қызмет етеді. Сонымен 


20 
 
қатар, портрет – адам характерінің негізгі өзгешелігін де білдіріп 
отыратын  шығармадағы  көркемдік  компонент.  Жазушы  ойының 
түпкі  қазығы,  кейіпкерге  деген  оның  негізгі  көзқарасы, 
суреткерлік  позициясы  осы  портрет  арқылы  көрінеді.  Шын 
мәнінде  жоғарыдағы  Абай  бейнесі  де  бірнеше  жерде  портрет 
арқылы  есте  қаларлықтай  етіп  мүсінделгеніне  куә  боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет