4
құрсаулы империяға қарсы азаттық аңсарын көрсеткен Желтоқ-
сан оқиғасын көркем бейнелейтін бірен-саран болса да бар
туындылар арқылы қаламгерлер заман өзгерісінің адамға әсерін
аша білгендігі анықталып отыр.
Оқу құралында жазушылардың «Қасқыр-бөрі» образының
көркемдігі әр салада түрліше жаңғыртуына ортақ нәрсе – бала
тағдыры арнайы талданды. Сондай-ақ осы бөлімде әлеуметтік
символика ретінде пайдаланылған ағаш образының да түрлі мы-
салдары ашылды. Ол әлемдік құрылым, дүние тірегі мағынасы-
нан бөлек, заман, қоғам қайшылығын көрсету мақсатында түр-
ленгендігі талданды. Еңбектің өзекті бір арнасы – бүгінгі қалам-
герлер тарапынан тың тұрғыда түлеген мұсылмандық ұғымдар-
дың, исламдық қағидалардың көркемдік сипаты болып табыла-
ды. Ой-сана еркіндігі, тәуелсіз рух қаламгерлердің
тың тынысын
ашты. Бұл исламдық тақырыпқа қалам тербеген туындылардан
анық байқалады және бұл көкейкесті мәселені көркем бейне-
леудегі қаламгерлердің түрлі шеберлік қырлары ашылды.
Қазақ прозасындағы көркем антропологияның сипатын,
орнаментальді, виртуальды, мистикалық прозаның, фольклор-
лық ой-сананың жаңаша формасын қабылдау кез-келген оқыр-
манға оңай болмасы анық. Ал, әрбір жаңа образ бен көркемдік
амал-әдістің тереңіне бойлап, сараптау оның көркем шығарма
мәтініндегі, мәтіннен тыс тұрған құпияларына бойлау – оқу құ-
ралының ең өзекті мәселесі. Қазіргі қазақ прозасындағы басым
үрдістердің бірі ретінде адамның ішкі қасиеттерін жандандыру,
жеке образдарға дейін әсірелеу арқылы
көркем шарттылық із-
дерін айқындау да маңызды мәселе болып табылады.
Соңғы уақыттағы қазақ қоғамындағы түбегейлі өзгерістер
рухани көкжиегімізді кеңейтіп, көркем өнердің де жаңа бағыт-
тарына жол ашты. Әрине, бұған дейін де тәуелсіздік тұсындағы
әдеби процесс әртүрлі тұрғыдан сөз болды. Алайда осы тұстары
әңгімелер мен повестерді арнайы зерттеу нысаны ете отырып,
оңдағы әлемдік әдебиет тәжірбиесінен туындап жатқан жаңа
шығармашылық ізденістер зерттелген жоқ. Әсіресе антрополо-
гиялық (көркем және фантастикалық) прозаның, орнаментальді
прозаның қазақ прозасына ықпалы мен виртуальдық және мис-
тикалық прозаның элементтері мен бүгінгі прозадағы жалғыз-
5
дық, айқай, айна сарындарының қазақ қаламгерінің тарапынан
қалай көрініс тапты дейтін мәселе жайлы ғылыми тұжырымдар-
ға арналған оқу құралы жоқтың қасы. Мұның өзі жаңа әдеби үр-
дістің
пайда болу,
қалыптасу, даму үстінде екенін көрсетеді.
Ұсынылып отырған еңбек тәуелсіздікке дейінгі қазақ про-
засындағы саясаттан тысқары тұрған тосын туындыларды есте
ұстай отырып, негізінен шығармашылық дәстүрдің жаңаша қыр-
ларын тақырыптық, образдық, тілдік, көркемдік тұрғыда жаңа
сараптауларға бағыттайды.