Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих



Pdf көрінісі
Дата20.12.2021
өлшемі308,1 Kb.
#103686
Байланысты:
Қазақстан тәуелсіздік жолында



Қазақстан тәуелсіздік жолында.  

Тәуелсіз Қазақстан. 

Тәуелсіздік Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы 

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 

«...Уақыт  қарқыны  зымыран.  Күні  кеше  өткен  сияқты  уақиғалар  бүгінде  тарих 

беттеріне айналып үлгерді...Ең қиын жылдар дәл  қазір артымызда қалды, сондықтан 

да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» 

Н.Ә.Назарбаев 

Тәуелсіздік!  Қандай  киелі  сөз.  Осы  бір  құдіретті  сөздің  тереңіне  көз  жіберіп,  ой 

елегінен  өткізбек,  ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойғы  асыл  арманы,  азаттық  жолында 

құрбан болған талай боздақтардың  ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. 

Тәуелсіздік  алғанымызға  биыл  29  жыл  толады.  Осы  уақыт  аралығында  Елбасымыз 

Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді. Еліміздің жоғары заң шығарушы 

органдары  мұндай  шешімді  ең  алдымен  Қазақтан  Республикасында  1991  жылғы  1 

желтоқсанда  өткен  Тұңғыш  Президент  сайлауымен  байланыстырады.  Дәл  осы  1 

желтоқсанда,  алғаш  рет  өткен  жалпыхалықтық  сайлауда  егемен  Қазақстанның  негізін 

салушы  - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.

   

  

Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені 



Қайран қазағым, басынан талай нәубетті өткеріп, сонау қилы заманда тар жол тайғақ 

кешіп, бастан бағың ауғанда талай боздағыңның басы ауған жаққа кетті-ау! Бірі  –  Алатау 

асып, бірі Тарбағатай, кейбіреуі сонау Каспийден әрі асып кетті емес пе? Сол кезде басына 

күн туып, арғымағың ауыздығымен су  ішіп, ерлерің етігімен су кешкенде басыңа тәуелсіз 

күн  оралмайтындай  көрінгендей  болды.  Талай  боздағыңа  туған  жердің  топырағы  да 

бұйырмай кетті-ау! 

Қуан далам! Кешегі жанарына жас толтыра, бір уыс топырағыңды тұмарға түйіп, «бас 

сауға» деп төсіңнен үдере көшкен ұландарыңның ұл-қыздары «бабамның мекені, ата қоныс 

ата мекенім» деп қайта оралуда. Тәуелсіздіктің ең басты  жемісі – еркіндік. Біз ежелден ер 

деген даңқы шыққан халықтың  ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген 

халықтың  ұланымыз.  Біз  алтын  күн  бедерленген  көк  байрағын  әлем  биіктерінде 

желбіреткен  бейбітшілік  елдің  азаматтарымыз,  кең  байтақ  жерінде  бірлігі  жарасқан  алуан 

ұлт-ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! 

1991 жыл – еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. 

Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай 

ширек  ғасырдың  ішінде  көптеген  ірі  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  жетістіктерге 

қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда 

алда.  Бүгінгі  Қазақстан  –  тек  өзі  орналасқан  аймақта  ғана  емес,  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  Қазақстанды  «Мәңгілік  Ел»  деп  атады.  Бұл  Қазақстанның  экономикасы  өрлеп, 

дамыған ел қатарына қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп 

өзгерту керектігі туралы пікірге келуі – еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны. 

Кез-келген жүрегі елім деп соғатын қазақ баласы үшін егеменді елде, тұғырлы тулы 

тәуелсіз  мемлекетте  дүниеге  келу,өмір  сүру-арман  шығар,  сірә.  Себебі,тәуелсіздік-бізге 

ерлік  пен  намысшылдықтың  арқасында  жетті.  Ал  сол  тәуелсіздікті



 

аңсап  өткен  ата-

бабаларымыз  қаншама?!  Сонау  өткен  ғасырда  басталған  тәуелсіздік  үшін  күрес,міне,кеше 

ғана,  дәл  26  жыл  бұрын  қолымызға  «бақыт  құсы»  секілді  қонған  еді.Тарих-ұлтты 

қалыптастырушы  болса,ал  біздің  тарихымыз  тәуелсіздікке  деген  ұмтылысымызбен 

байланысты. 

Тәуелсіздік-қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған  қайсар  рухының  нәтижесі. 

Бабалар  аманаты  болып  жеткен  тәуелсіздік  –біздің  ең  басты  құндылығымыз  деп 

есептеймін.  Егемендік  пен  тәуелсіздік-еркіндік  сүйген  халқымыздың  ежелден  аңсаған 



арманы  .Бүгінгі  таңда  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  еліміз  талай  асудан  өтіп,  небір  қиын-

қыстау  кезеңдерді  бастан  кешіп,әлемнің  түпкір–  түпкіріндегі  танылған,  өз  мақсаты  мен 

міндеті  анық  байыпталған  жас  мемлекеттердің  қатарына  кірді.  Халқымыздың  тарихы-

соғыстардың,  әскери  жеңістер  мен  жеңістердің  ғана  тарихы  емес.  Оның  қашан  да 

жасампаздық  сипаты  бар.  Мемлекет  құрып,  оны  нығайту,  қалалар  салу,  өз  мәдениетін 

қалыптастыру-бәрі жасампаздыққа жатады. Ғасырлар қойнауына үңілсек, кеше ғана болған 

оқиғалар –бүгінде тарих беттерінде сайрап тұр. 

Егемендігімізге  қол  жеткізу  ешкімге  де  оңай  болған  жоқ.  Әлемдегі  мемлекеттердің 

қай-қайсысын  алып  қарасаңыз  да  ол  өз  болашағының  жарқын  болғанын  және  озық  елдер 

арасында  жүргенді  тілейді.      Бірақ  кез-келген  мемлекеттің  бұл  мақсатқа  қол  жеткізуге 

дәрмені  жете  бермейді.  Оның  себептері  әр  алуан.  Адамзат  дамуының  өткеніне  зер  салып 

қарасақ, мемлекеттің ілгері дамуы мен өркендеуіне бөгет болатын негізгі кедергілердің бірі 

ол  –  ел  ішіндегі  алауыздық  пен  берекесіздік  екенін  тарих  көрсетті.  Мәселен,  қазақ  қазақ 

болғалы талай заманды өткерді, талай зобалаңды бастан кешті. Жаугершілікті де, аштықты 

да,  бодандықты  да,  қуғын-сүргінді  де  көрдік.  Қайсар  қазақ  халқының  өткерген 

қиындықтарын,  кешкен  азаптарын  айтып  бітудің  өзі  мүмкін  емес  шығар.  Еуразия 

құрлығының апайтөс даласы небір ұлы шайқастар мен ұлы жеңістердің де куәсі болды.  

Байтақ  жеріміздің  қойнауы  сол  қиын  қыстау  кезеңдер  мен  мерейіміз  үстем  болған 

замандардан  сыр  шертетін  шежіреге  тұнып  тұр.  Заманында  жарты  әлемді  бағындырған 

Ғұндардың,  Түркілердің,  Моңғолдардың  алып  империяларының  орталық  ордасы  да  осы 

киелі  далада  орын  тепкені  баршаға  аян.  Ал  ХV  ғасырдың  ортасында  «Ұранымыз  алаш, 

керегеміз ағаш» деп, киіз туырлықты көшпенділер  құрған Қазақ  хандығы бүгінгі Тәуелсіз 

Қазақстанның  мемлекеттігі  тарихының  бастауы  болғандығын  зор  мақтанышпен  айтамыз. 

Ол заңды да. Себебі біздің тарихымыз ұлы тарих. Сондықтан оның насихатталуы да өзінің 

ұлылығына сайма-сай болғаны ләзім.   Ол тарихты ешкім аттап өте алмайды. Алайда Ұлы 

дала  тарихы  өкінішке  қарай,  толық  қанды  қамтылды  деу  қиын.  Әсіресе,  мынау  соңғы  екі 

жүз  елу  жылға  созылған  бодандық  тұсында,  қазақ  өз  тарихын  өзі  жаза  алмады.  Кезінде 

үлкендердің  «Қасқыр  күшігінің  тірсегін  кессе,  қасқыр  болмай  қалады»  деген  сөзін  естуші 

едік. Қызыл империя сөйтті, тірсектен кесті. Ұлы Дала рухын сындыру үшін оның тарихын 

тартып  алды.  Шовинистік  идеология  тарихымызды  насихаттамақ  түгіл  зерттеуге  тиым 

салды.  Содан  кейін  біздің  діни  болмысымызды  бұзды.  Мәңгүрттеді.  Дінін  тартып  алды. 

Тіліне де қиянат  жасады. Ал тарихсыз, тілсіз, дінсіз халық та сол. Ұлт болып ұйыспайды. 

Ұлт ретіндегі табиғи болмысынан ажырайды. Кеңестік идеология ол мақсатына белгілі бір 

дәрежеде  жетті  де.  Сол  тоталитарлық  диктатура  заманының  сарқыншақ  көріністері  күні 

бүгінге  дейін  сақталып  келеді.  Қысқаша  айтқанда  қазақ  даласына  отарлық  идеологияның 

кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Ендеше, ел боламыз десек, ұлттық рухты оятамыз десек ең 

алдымен  елдің  тарихи  санасын  оятуға  ден  қою  керек.  Сондықтан  да  халықтың  тарихи 

санасын қалыптастыру жолында алдымызда таудай жұмыстар күтіп тұр.    

Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген сөз бар.  Тұтас бір  ұлттың санасын өзгерту оңай 

шаруа емес. Оған уақыт керек. Қажырлы еңбек керек.  Тарихымызға қатысты екі-үш кино 

түсірумен,  газет-журналдарға  мақала  жариялаумен  ұлттың  тарихи  санасын  қалыптастыра 

алмаймыз. Ол жүйелі һәм кешенді мемлекеттік саясатты қажетсінетін дүние. Оны қозғасаң 

ар  жағынан  ұрпақ  тәрбиесі  сияқты  үлкен  мәселенің  төбесі  көрінеді.  Ол  отбасындағы, 

балабақшадағы, орта мектептегі, жоғарғы оқу орнындағы тәрбие мәселелері. 

Ұлт  санасын  қалыптастыруда  білім  беру  саласының  маңызын  Елбасымыз  Н.Ә. 

Назарбаев та үнемі айтып келеді. Бір ғасыр ішінде қаншама қанау, ұлт-азаттық көтерілістер, 

аштық, жұт, соғыс  болды. Әрқайсысының  тарих беттерінде елеулі орындары бар. Себебі, 

біздің  тәуелсіз  болуға  деген  ұмтылысымыз  осы  оқиғалардан  бастау  алды  емес  пе?  1916  

жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  сол  кездегі    қазақ  ұлтының  өз  халқы,  өз  жері  үшін  күресі-

олардың  сана-сезімдерінің  өскенін  байқатты  .Зиялылар  да  шет  қалмаған  сол  оқиғалар 

ешкімнің  есінен  шықпас,  әсте.  Себебі,  соның  бәрі  ел  жүрегінде  тайға  таңба  басқандай  із 

қалдырды.Тұңғыш  Президентіміз    Н.Ә.Назарбаев:  «1991  жылдың  16  желтоқсан-  қазақ 




халқының,  жалпы  қазақстандықтардың  жұлдызды  сәті.  Осы  сәттен  бастап  біздің  

халқымыздың  ғасырлар  бойы  аңсаған  арманы  орындалды.  Қазақ  халқы  өзінің  ата-

бабасынан  қалған  ұлан-ғайыр  жерінде  өзінің  тәуелсіздігін  жариялап,оны  барша  әлемге 

жария  етті...Мен  біз  барлық  қиыншылықтарды  жеңеміз,тәуелсіздігімді  нығайтамыз  деген 

сенімде болдым.»-,деп,ел жүрегіне сенімділік туғызған еді.  

Бірақ желтоқсан келгенде тек қуаныш қана емес,бір қайғылы оқиға да еске түседі                                                              



 

Желтоқсанның мұзда жанды алауы, 

Қолдарында ұстаған бір жалауы. 

Ербол, Қайрат, Ләззат пенен Сәбира, 

Тәуелсіздік болған еді қалауы. 

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздіктің бесігін тербеткен еді.Сол жылы он 

алтыншы  желтоқсанда  Қазақ  КСР  астанасы  Алматы  қаласында  студент  жастар  бастаған 

«Әр  ұлттың  өз  көсемі  болу  керек»  деген  ұранмен  көшеге  шыққан  бейбіт  шерудің  аяғы 

қантөгіс, аяусыз басып-жаншуға ұласты.Себебі, ол кезде біздің қазіргі  Тәуелсіз Қазақстан 

КСРО құрамындағы 15 одақтас республикалардың  бірі еді. Коммунистік партия басқарған 

совет  үкіметі  барлық  билікті  өз  қолында  ұстап,  маңызды  шешімдерді  өздері  қабылдап 

отырды.  Сол  себепті,  студенттер  мен  жастар  жазықсыз  жазаланып,  қудалауға  ұшырады. 

Біразы қамалып, біразы қайтыс болды, қалғандары оқудан шығарылды. 

Ағайын,Тәуелсіздік жай келген жоқ, 

Желтоқсан ызғарына мұз қатқан еді. 

Құрбан боп бостандықтың жолында өткен, 

Аташы желтоқсанның боздақтарын. 

Сол  уақыттағы  желтоқсан  қаһармандары  арасында  Қайрат  Рысқұлбеков,  Ләззат 

Асанова, Ербол Спатаев сынды ержүрек жастар ұлты үшін жанын пида еткен болатын. Бір 

қаламның  ұшымен  жазылып,  барша  қауымның  жүрегінен  орын  алған  «тәуелсіздік»  сөзін 

есту қыршыннан қиылған сол жастарға арман еді. 

1991  жылдың  тамыз  айында  КСРО  күйреді...Азаттық  таңы  атты...Қазақстан  өз 

егемендігін  жариялап,  сол  жылы желтоқсан  айында  Тұңғыш  Президент  болып  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  сайланды.  Содан  бері  қас-қағым  сәтте  жиырма  алты  жыл  да  өте 

шықты.  Бұл  кейбіреулер  үшін,  жай  сан  болғанымен,  қазақ  халқы  үшін  ғасырлар  жүгін 

арқалаған кезеңмен пара-пар болды. 

  Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, 

  Тарихы оның тым ертеден басталған. 

  Бостандықтан құтқарам деп елімді, 

  Талай боздақ қара жерді жастанған. 

Ауызбірлік  пен  түсіністік,  қарапайым  сыйластық  үстемдік  құрған  жерлерге  қашанда 

нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен 

халықтар  достығының  арқасында  бүгінде  мемлекетіміз  өркендеп,  ілгері  басып  келеді. 

"Бірлік  бар  жерде  -  тірлік  бар"  дейді  біздің  халық.  Дана  жұрт  мұны  тегіннен-тегін  айта 

салмаса керек. 

Қазақ  қашаннан  да  бауырмал  халық  қой.  Әр кезеңдерде  елімізден  пана  іздеп  келген 

"жат  жұрттардың"  бәрін  бауырына  басып,  төрінен  орын  беріп,  қандай  қиын  кезеңдердің 

өзінде  бір  үзім  нанды  бөліп  жеді.  Сөйтіп,  қаймағы  бұзылмаған  қазақ  жері  көпұлтты 

мемлекет  болып  шыға  келді.  Бүгін  елімізде  136  ұлт  пен  ұлыстың  өкілдері  бір  тудың 

астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 

Ел  басына  күн  туған  қилы  замандарда  да  халқымызды  ұлт  ретінде  сақтап  қалған 

ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен 

қазанын  ортайтпаған  қасиетті  қанағатшыл  ағаш  бесік  пен  жер  бесік  арасындағы  біреуге 

ұзақ,  біреуге  шолақ  өмір  жолдарында  біреуді  өзекке  теппей,  өзгенің  қызылына  қызықпай, 

ұтымды  іспен,  орамды  оймен,  терең  кемеңгерлікпен,  ешқашанда  тарылмаған  кеңдігімен 

еліміздің  тамырын  жаза,  бұтағын  жайқалтып,  құшағын  кеңейтіп  келеді.  Достық  пен 

ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. 



Тізгінді  қолға  алған  күні-ақ  Елбасы  қазақстандықтарға  алдағы  өмірдің  жеңіл 

болмайтынын,  бірақ  жарқында  жақсы  күндерге  бірлік  пен  татулық,  іскерлік  пен 

қабілеттілік  арқылы  жетуге  болатынын  уәде  еткен  екен.  Расында,  Тәуелсіз  Қазақстанның 

қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсу Нұрсұлтан Назарбаевтың 

берік  ұстанған  бағыты  болған.  Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

тәуелсіздігінің былтырға аталып өткен 25 жылдығы «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл 

арманы  болып  келген  егемен  Қазақстанды  құру  жөнінідегі  тарихи  аманаты  1991  жылғы  1 

желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаевтың  басшылығымен  іске  асты.  Республика  Президентінің  жетекшілігімен 

кең  ауқымды  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  реформалар  жүзеге  асырылады. 

Қазақстан  мемлекеттілігінің  негізін  қалаушы  –  елеміздің  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, 

бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және 

өңірлік  бейбіт  бастамалардың  авторы  ретінде  елдің  сыртқы  саяси  бағытын  дәл  айқындау 

ісіне  орасан  зор  үлес  қосып  келеді.  Елбасының  жан-жақты  сараланған  ішкі  және  сыртқы 

саясатының  арқасында  еліміз  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  сілкіністерге 

ұшырамай,  дербес  дамудың  өтпелі  кезеңіндегі  қиындықтар  мен  сынақтарды  еңсеріп, 

ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды. Рас, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 

жылы  ішінде  әлем  мойындаған  мемлекеттердің  қатарына  қосылды.  Терезесі  түгел  елмен 

тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкте көтерілді. 

Көптеген елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің қазақстандық даму жолын 

таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал әрі нық саясатының арқасында тәуелсіз 

Қазақ  елі  қалыптасып,  тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз,  дініміз  және  діліміз  қайта  оралып, 

мемлекетіміздің  ұлттық  рәміздері  қабылданды.  Қазақстанның  шынайы  егемендігін 

қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 

тамызында  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Семей  ядролық  полигонын  жабу  туралы  Жарлығы 

шықты. Ядролық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың бірден бір 

бастауы  осындай  Президент  шешімінен  туындаған  еді.  2011  жылы  25  қазанында 

Президенттің  Жарлықтарымен  Қауіпсіздік  кеңесі  және  мемлекеттік  қорғаныс  комитеті 

құрылды.  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Конституциялық  заңы  1991  жылғы  16  желтоқсан  күні  қабылданды. 

Қазақстан  азаттықтың  арқасында  Тұңғыш  Президенттің  бастамаларына  қолдау  жасай 

отырып,  аз  уақыттың  ішінде  биік  белестерді  бағындырды.  ШЫҰ,  ЕурАзЭҚ,  АӨСІШК 

сияқты  ұйымдардың  белсінділігі  артты.  ЕҚЫҰ,  ИЫҰ,  ҰҚШҰ  секілді  іргелі  ұйымдарға 

төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу 

алаңына айналдырды.

 

Қазақстан  –  демократиялық  жолмен  дамып  келе  жатқан  зайырлы  жас  мемлекет. 



Қазіргі  таңда  біздің  елімізде  мемлекетіміз,  халқымыздың  біртұтастығын,  рухани  бірлігін 

сақтау-басты міндет. Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев айтқандай мемлекетіміздің 

ең  негізгі  мақсаты-экономикасы,  әлеуметтік  жағдайы,  мәдениеті  дамыған,  ұлтаралық 

татулықты,  бейбітшілікті  төбесіне  ту  етіп  көтерген  демократиялық,  құқықтық  мемлекет 

құру  болып  табылады.  Әлемдік  дамудың  жаңа  тарихи  кезеңі  адамзат  баласының  әлемдік 

діндердің  қауіпсіздік  жүйесіндегі  рөлін  және  өркениеттердің  жаңа  серпінмен  рухани 

бірлесуі қажеттілігін түсінуімен сипатталады. 

Бүгінгі  күні  игі  дәстүрге  айналған  бұл  мереке  –  «Алтын  бесік»  деп  аталады. 

Халқымызда  туған  жер  –  алтын  бесік  деген  сөз  бар.  Баршамыздың  ортақ  Отанымыз  – 

тәуелсіз Қазақстан біздің бірлігіміздің алтын бесігі. Қашанда береке бастауы бірлік болған. 

Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны  – еліміздегі жүрегі бір, тілегі орақ түрлі 

этнос  өкілдерінің  жарасымды  өмір  сүруінің  арқасы.  Тәуелсіздігімізді  тұғырлы  ететін  де, 

елімізді  жаңа  белестерге  жетелейтін  де  біздің  ауызбіршілігіміз  болып  табылады.  Бірлігі 

берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артық. Сондықтан біздің 

ең асыл қазынамыз – елдің ынтымақ, бірлігі деді өзінің сөзінде мемлекет басшысы. 



Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа замандағы егемендікке қол жеткізген  сол  күннен 

бастап жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мысалы, шекарасын бекітіп, жан-

жақтағы  көршілерімен  сауда  және  экономикалық  байланыстарын  нығайтты.2015  жылы 

Қазақстан  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  мүше  болды..  Егемен  дамудың    жиырма  алты 

жылы ішінде Қазақтан әлемнің ең дамыған елу елінің қатарына кірді. «Стратегия-2030» ды 

мерзімінен  бұрын  іске  асырды.  «Стратегия-2050»,  «Жүз  нақты  қадам»,  «Рухани  жаңғыру: 

болашаққа  бастар  жол»  секілді  бағдарламалар  жүзеге  асырыла  бастады.  Рухани  жаңғыру 

бағдарламасы осы жылдан бастап қолға алынуда.Оның негізгі алты міндеті бар: 

І.Латын қаріпіне көшу 

ІІ.Жүз кітап 

ІІІ.Туған жерге туыңды тік 

ІV.Туған жер 

V.Жалпы мәдениеттің дамуы 

VІ.Жүз жаңа есім 

Осыларды іске асыру- қазіргі таңда біздің басты міндетіміз. 

Қазақстан  бүгінде  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достығы  елдерінің  арасында  жаңғыру  мен 

дамудың  көшбасшысы.Сонымен қатар,тағы бір жетістігіміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму 

бағдарламасы  аясында  Аймақтық  Хаб  құрылып,  оның  орталығы  Астана  қаласы 

тағайындалды.  Халқымыз  онымен  ғана  шектелмей,  екі  мың  оныншы  жылы    Қазақстан 

Еуропаның  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық   төрағалық  етіп,  желтоқсан  айында  елімізде 

саммит өткізді. Тек саяси жағынан ғана емес, спорт бағытынан да алдамыз. Қазақстан үшін 

спорт  саласындағы  ең  маңызды  кезеңдердің  бірі  Лондондағы  Олимпиадалық  ойындар 

болды. Осы жарысқа дейін Қазақстан мұндай жоғары жетістікке жеткен жоқ еді. Зульфия 

Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Серік Сәпиев - Қазақстанның мақтаныштары десек, 

қателеспейміз. Қаншама спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуда. 

Осылайша,  Қазақстанның  бірлігі  жарасқан,  көне  тарихқа  бай,  тәуелсіз  мемлекет 

екеніне  тағы  да  көз  жеткіздік.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  айтқандай:  «Тәуелсіздік 

туын  тігуге  қаншалықты  қажыр-қайрат  керек  болса,  оны  құлатпай  сақтап  қалуға 

соншалықты  қажыр-қайрат  керек».  Сол  себепті,  тәуелсіздікті  алу  қаншалықты  біз  үшін 

арман болса, оны сақтап қалу да соншалықты қымбат болмақ. 

Сан ғасырлар бойғы елдің асқақ арманы орындалған кез есімізден шықпайтын шығар. 

Себебі, ел болып күткен бұл күнді ұмыту мүмкін емес.Тәуелсіз елдің патриоты болу ,оны 

қадірлей  білу  -  әр  қазақстандықтың  міндеті.  Биыл  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

құрылғанына  жиырма  бір  жыл.  Осы  аралықта  қоғамдық  институт  көпұлтты  елiмiздегi 

халықтар  арасындағы  достықтың  нығаюына  зор  үлесін  қосты.  Жылына  бiр  рет  Ұлт 

көшбасшысының  төрағалығымен  Елордасы  Астанада  Ассамблеяның  сессиясы  өткiзiлiп, 

онда алда атқарар жұмыстар мен бағыт-бағдарлар нақтыланып отырады. Биылғы өткен 23-

шi  сессияның  да  қоғам  мүшелерiне  жүктеген  мiндеттерi  зор.  Елбасы  Ассамблея 

сессиясында  көптің  көңіліндегі  ең  жылы  және  ізгі  сезімдерді  қозғап,  олардың  көкейіне 

татулық, тыныштық және тұрақтылыққа деген үміт ұялатты.  

Сессияда  сөйлеген  сөзінде  Елбасы:  «Қазақстан  2050»  стратегиясы:  бейбітшілік, 

руханият  және  келісім  мәдениеті  біздің  осындай  бірлікті  ел  болмысымыздың  кепілі. 

Мәдениет  тіршіліктің  тірегі.  Ортақ  игіліктің  ұлықталып,  ұлы  істерге  ұйымдастырудың 

бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте. 

 Тәуелсіздік  алғаннан  бері  Қазақстан  эволюциялық  жолмен,  бейбіт  дамудың 

нәтижесінде  саясатта,  экономикада,  халықаралық  қатынастарда  тұңғыш  Президент  – 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  басшылығымен  биік  белестерге  көтерілді.  «Тәуелсіздік  –  ел 

тілегі, ал Елбасы – ел тірегі» екенін өмірдің өзі растап отыр. Қазақстанның бір тұтастығын, 

демократиялық,  зайырлы,  әлеуметтік,  құқықтық  мемлекет  екендігін,  адам  құқықтарымен 

бостандықтарының  үстемдігін  паш  еткен  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  –  Елбасы. 

Өйткені  тәуелсіз  Қазақстанда  Президент  біреу,  ал  ел  халқы  оған  әр  уақытта  тіреу. 



Қазақстанның  өркендеуіне,  дамуына  өркениетті  озық  елге  айналуына  үлес  қосу  –  әрбір 

қазақстандықтың азаматтық борышы. 

 

Қорытындылай  келе,  тарихымыз  ұрпақтың  жадында  жаңғырып,  тәуелсіздік  рухы  әр 



қазақтың  жүрегінде  тербеліп,  көк  байрағымыз  көгімізде  желбіреп,  Мәңгілік  Еліміздің 

мәртебесі биік, рухы асқақ, Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын. 

Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді 

ел бірлігінің сақталуына, бейбіт  те мазмұнды өмір кешуімізге  атсалысайық.  Егемен еліміз 

көркейіп, жан-жақты дамып, дамыған елдер қатарында болуына тілектеспін.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет