Дәрі Мәдениет морфологиясы



Pdf көрінісі
Дата20.12.2021
өлшемі419,79 Kb.
#103988
Байланысты:
1 ЛЕКЦИЯ. Мәдениеттану



Дәріс1. Мәдениет морфологиясы 

 

1.Ғылыми  пән  ретіндегі  мәдениеттану  тарихы:  іргелі  және  қолданбалы 

мәдениеттану,  мәдениетті  зерттеудің  пәнаралық  сипаты,  мәдениет 

философиясы.  

2.Отырықшы 

және  көшпелі  мәдениеттер  арасындағы  бөлінгіштік 

(дихотомиялар).  

3.Материалдық және рухани мәдениет.  



 

Дәріс мақсаты: 

 

мәдениеттанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысын ашып 



көрсету; 

 



мәдениеттанудың мақсаты, міндеттері және пәнін қарастыру; 

 



 

«мәдениет» ұғымының пайда болу, қалыптасу тарихын зерделеу;

 



 



«мәдениет» ұғымын негізгі зерттеу әдістерін және мәдениеттің 

қоғамда атқаратын қызметін негіздеу

 



 



мәдениеттің типологиялық ерекшеліктерін қарастыру және оның 

тұжырымдамалық схемасын негіздеу;

 



 



мәдениеттанудың код, символ, белгі сияқты негізгі түсініктерін 

қарастыру және мәдениет белгілерін негіздеу. 

 

Мәдениеттану жеке пән ретiнде ХIХ соңғы ширегiнде қалыптаса 



бастады,  сондықтан  да  оны  әлi  де  болса  да  буыны  бекiмеген  жас  ғылымдар 

саласына жатқызамыз. 

 

Мәдениеттану  –  мәдениет  туралы  ғылым,  сонымен  қатар 



философиялық  iлiм,  өйткенi  ол  философияның  басты  саласы  –  мәдениет 

философиясын  қамтиды.  Мәдениеттану  қоғамда  болып  жатқан  түрлi 

процесстердi  (материалдық,  әлеуметтiк,  саяси,  адамгершiлiк,  көркемдiк  т.б.) 

барынша  қамтып,  мәдениет  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,  оның  өмiр 

сүруiнiң  принциптерiн  және  бiр-бiрiне  этно-әлеуметтiк,  саяси  –моральдық, 

ғылыми-көркемдiк  және  тарихи  сипаттамаларымен  ,  жағдайларымен 

ерекшелiнетiн  алуан  мәдениет  түрлерiнiң  өзара  байланыстары  мен 

тәуелдiлiктерiн зерттейдi. 

Мәдениеттану  пәнi  сонымен  қатар  жергiлiктi  және  аймақтық 

мәдениеттердiң  сапалық  ерекшелiктерiн,  олардың  өзара  байланыстары  мен 

мәдениеттiң  басқа  түрлерiмен  мирасқорлығын,  қарым-қатынасын  зерттей 

отырып,  адамзат  баласының  бiртұтас  мәдени  даму  процесiнiң  жалпы 

заңдылықтарын  анықтайды.  Демек,  мәдениеттану  пәнi  түрлi  қоғамдар 

барысындағы мәдени өмiрдi жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени 

процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. 

Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана 

емес,  жалпы  теориялық  пәндер  қатарына  да  жатқызуға  болады,  өйткенi  бұл 

пән адамзат баласының мәдени өмiрдегi толып жатқан құбылыстарын жүйелi 

түрде  қарастырады.  Ал  мәдени  процестердiң  мәнiн  ашып  көрсетуде  түрлi 

ғылым 


салаларының 

өкiлдерi, 

атап 

айтқанда 



этнографтардың, 


әдебиетшiлердiң, 

социологтардың, 

психологтардың, 

тарихшылардың, 

демографтардың  атсалысатынын  ескерсек,  мәдениеттанумен  барлық 

ғылымдар  саласының  айналысатындығын  айқын  аңғаруға  болады. 

Шындығында  да,  мәдениеттануға  осы  уақытқа  дейiн  түрлi  ғылым  салалары, 

атап айтқанда, социология, антропология, психология, этнография, өнертану 

зор ықпал еттi. Ендi осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша 

ықпал ететiндiгiн қарастырып көрейiк. 

Мәдениеттану  саласындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  түрлi 

әлеуметтiк  топторға  жататын  адамдардың  қызметi  мен  iс-әрекетi 

заңдылықтарын зерттейтiн әлеуметтiк социологияның мәлiметтерiнiң алатын 

орны  еркше,  өйткенi  олардың  мәдени  iс-әрекет  көрiнiстерi  белгiлi  бiр 

психологиялық  сарынға  байланысты  болғандықтан,  мәдениет  саласындағы 

зерттеу жұмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды. Мысалы жер 

мен  табиғатқа  ерекше  сезiммен  қарайтын  ауыл  психологиясының  өзiндiк 

ерекшелiктерiн  бiлмей  және  байыбына  бармай  тұрып,-  “шаруашылық 

мәдениетi” жайында толық түсiнiк ала алмаймыз. Демек, қоғамда мәдениеттің 

атқаратын  қызметінің  даму  заңдалықтарын    анықтап,  әртүрлі  әлеуметтік 

топтардың мәдени ерекшеліктерін зерделейді  

Антропологияның  басты  бағытының  бiрi  -  қоғам  мен  адамды 

салыстырмалы  тұрғыдан  зерттеу.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда, 

“антропология” мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға 

назар аударады .Олар; 

1.Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы( ағартушлық); 

2.Қоғамдық 

және 


адамзаттық 

салт-дәстүрлердiң, 

әдет-

ғұрыптардың,  қалыптасқан  дағдылардың,  қоғамдық  мекемелердiң  және  т.б. 



жиынтығы(бiрлiгi); 

3.Белгiлi  бiр  қалыптасқан  мәдени  жүйенiң  басқа  мәдени 

құндылықтарға қарсылығы. 

Дүние жүзi халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының 

мәдени  және  тұрмыстық  ерекшелiктерін,олардың  шығу  тегi  мәселелерiн, 

олардың  жер  жүзiне  таралып  қоныстануы  мен  мәдени  тарихы  қарым-

қатынастарын зерттейтiн этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман 

мен  бүгiнгi  таңдағы  мәдениеттiң  мол  мұрасын  игеруге  және  оны  ғылыми 

тұрғыдан  ашып  көрсетуге  айрықша  рөл  атқарып  отыр.  Этнография  ғылымы 

белгiлi  бiр  халықтың  қай  этносқа  жататындығына  қарамастан,  олардың 

қайсысының  болсын  материалдық  және  рухани  мәдениет  саласындағы 

жетiстiктерiне  үлкен  құрметпен  қарауға  үйрете  отырып,  мәдениеттану 

ғылымының қалыптасуына өзiнiң қомақты үлесiн қоса бiлдi.  

Ұлттық  мәдениетттiң  ойдағыдай  зерттелуi  этникалық  немесе  ұлттық 

психологияның  мәлiметтерiмен  де  тығыз  байланысты  болып  келедi.  Нақты 

тарихи  тәжiрибе  негiзiнде  әрбiр  нәсiлдiң,  тайпалар  мен  халықтардың 

психикалық өмiр салтының ерекшелiктерiн байқай отырып, “этнопсихология” 

рухтың  белгiлi  бiр  ұлттың  қайталанбайтын  өзiндiк  қасиетерi  жөнiндегi 

Гегельдiң,  Гумбольдтың  және  олардың  iзбасарларының  философиялық 

қағидаларына  барып  тiреледi.  Этнопсихологиялық  зерттеулер  ұлттық 




мәдениетті  жасаушылардың  психологиялық  ерекшеліктеріне  есепке  ала 

отырып, кез келген ұлт мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде 

қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, 

негр музыкасының терең ұлттық мәнін осы тамаша рухани дүниелері өмірге 

келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік 

алған болар едік. 

Өнертану ғылымы көркем мәдениеттің ерекшеліктері мен бірегейлігін, 

адамның эмоционалдық көңіл күйіне тигізер әсерін ашып көрсетеді.  

ХХ  ғасырда  мәдениеттану  ғылымының  дамып,  одан  әрі  қалыптасуына 

өзіндік  үлес  қосқан  тағы  бір  ғылым  саласын  ерекше  айтып  өткен  жөн 

сияқты.Ол белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, 

әрі  қажетті  ғылым  саласы  аз  уақыт  ішінде  мәдениеттану  ғылымымен  біте 

қайнасып  кетті.Семиотикалық  тәсіл  лингвистика,  әдебиет,  кино,  театр 

теориясына, қоғамдық ғылымдар және  басқа да ғылым салаларында кеңінен 

қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік 

табуда. 


Жоғарыда  айтып  көрсеткендей,  мәдениеттану  ғылымының  дамуына 

көптеген  ғылымдар  ат  салысуда,  соған  қарамастан  бұл  пәннің  өзіндікбағыт- 

бағдар, бет-бейнесі бар.  

Мәдениет  теорияларының  санының  көп  болуы,  мәдениетке  де 

көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеп 

соқты. 


Мысалы:  Мәдениетті  семиотикалық  тұрғыдан  қарастыру  бар.  Бұл 

ағымның  басты  өкілі  Ю.  Лотман.  Сондай–ақ  мәдениетті  әдебиеттік 

(Е.С.Аверенцев) 

тарихи 


(Л:Н.Баткин), 

методологиялық 

(А.Кребер), 

антропологиялық (М.Мид) және т.б. тұрғыдан пайымдау бар. Әрине олардың 

мәдениет 

мәселесіне 

байлансты 

пікірлерінің, 

түсініктерінің 

айырмашылықтары бар, бірақ олар, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ 

мәселелер көтереді.  

Әрбір  ғылым  салаларының  өкілдері  мәдениетті  өз  мамандықтары 

тұрғысынан  қарастырады.  Бұл  ғылым  салалары  бір  –  бірімен  тығыз 

байланысты болғандықтан бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Әдебиетші тек таза 

әдебиетші  болып  қалмайды,  ол  мәдениеттануды,  тарихты,  психолгияны 

игергенде  ғана  нағыз  әдебиетші  бола  алады.  Өз  кезегінде  тарихшы  да, 

психолог  та,  социолог  та  сол  сияқты.  Мәдениеттің  әртүрлі  тұрғыдан 

қарастырылуы,  мәдениет  мәселесіне  үлкен  қызығушылық  тудырды.  Оған 

дәлел  1964  жылға  қарай  батыс  әдебиетінде  мәдениетке  257  анықтама 

бергендігі  жөнінде  Американ  мәдениеттанушылары  А.Кребер  мен 

К.Клохконның  мәлімдемесі  бар.  Бүгінге  дейін  мәдениет  ұғымының  шеңбері 

бұрынғыданда кеңейе түсті. 

Бірте-бірте  мәдениеттану  мәдениет  туралы  ғылымдар  кешенінің 

методологиялық негізіне, интегративиттік білімге айналуда. 

«Мәдениеттану»  пәнінің  орны,  мақсаты  және  нысанасы  адам 

мәдениетінің  мәнін  тану  қажеттілігімен,  яғни  тарихи-мәдени  тәжірибені 

игерумен және мәдениеттің даму болашағын болжаумен байланысты. 



Тәуелсіздікке  енді  ғана  қолы  жеткен  Қазақстан  Республикасының 

алдында  тұрған  басты  мақсат  –  Халықтың  рухани  байлығы  –  мәдениетті 

қалпына  келтіру,  ал  мәдени  өркендеусіз  өркениетті  елдердің  қатарына  еш 

уақытта  қосыла  алмайтыны  ақиқит.  Мемлекет  басшысының  «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – өскелең ұрпақтың ұлттық салт-санасын 

жаңаша  тәрбиелеудің  алтын  қазығы  іспетті.  Оның  астарында  жаһанданудың 

жедел қарқынын ескере отырып, еліміздегі қоғамдық сананы, мәдени дамуды  

әлемдік  деңгейге  көтерудің  кең  ауқымды  реформалық  идеясы  жатыр. 

Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық 

саладағы  жаңғыру  бойынша  қолданылған  жаңаша  ұғым.  «Сананы 

жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын 

белгілейді:  1.Бәсекеге  қабілеттілік;  2.Прагматизм;  3.Ұлттық  бірегейлікті 

сақтау;  4.Білімнің  салтанат  құруы;  5.Қазақстанның  революциялық  емес, 

эволюциялықдамуы;  6.Сананың  ашықтығы.  Ал  осы  қоғамдық  сана 

жаңғыруының  қозғаушы  күшіне  айналуда  жоғары  оқу  орындарының  орны 

бөлек. Өйткені, «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім 

терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында 

білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт»,– делінген Елбасы мақаласында. 

Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі өте зор. 

1.

 



Мәдениет ұғымы және қызметтері 

 

«Мәдениет  дегеніміз  не?»  –  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін  бұл 



сөздің  этимологиясына,  яғни  осы  күрделі  ұғымды  білдіретін  сөздің  шығу 

тегіне  тоқталуды  жөн  көрдік.  Көне  заманда  «культура»  деген  ұғым  «жерді 

өңдеу»  деген  мағынаны  берген.  Кейінірек,  дәлірек  айтқанда,  Цицеронның 

еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» 

деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі 

«білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола 

бастады.  Қазақ  тіліне  бұл  термин  арабтың  «маданият»-  қала,  қалалық  деген 

сөзінен енген. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде 

қалыптасқан  маариф  (білімділік)  және  адаб  (әдем,  мораль)  түсініктерімен 

байланысты.  Мәдениетке  берілген  көптеген  анықтамаларды  альтернативтік 

(қарсы  қоюшылық)  деп  атауға  болады.  Бұл  жерде  алдымен  көзге  түсетіні  – 

мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. 

 

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар 



берілген:  а)  мәдениет  –  белгілі  бір  халықтың  қол  жеткен  табыстары  мен 

шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі 

бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, 

крит-микен  мәдениеті,  қазақ  мәдениеті  ж.т.б.;  б)  мәдениет  —  адамдық 

әрекеттің  белгілі  бір  саласының  жетілу  деңгейі  (сөйлеу  мәдениеті,  еңбек 

мәдениеті,  құқық  мәдениеті  ж.т.б.);  в)  агро-мәдениет  (дәнді  өсімдіктер 

мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.) 

 

 Осыған  дейін  қарастырылған  ұғымдарды  негізге  алып,  қоғамдағы 



мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар: 

 

Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа 



қызметтерін  бойына  жинақтайтын  және  оның  негізгі  мазмұнымен  тікелей 


байланысты  нышан.  Егер  біз  адамды  әлде  құдай,  әлде  табиғат,  әлде  еңбек 

жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет 

адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан 

қоғамның  туындысы,  төл  перзенті».  Маугли  —  көркем  бейне.  Жануарлар 

арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. 

Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі 

ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, 

бодандық  пен  азаттық,  сұлулық  пен  ұсқынсыздық  арасындағы  адамның 

таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, 

ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің 

алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен 

өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. 

Жалғастық,  мәдениет  мұрагерлік  қызметі.  Мәдениеттің  бұл 

қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің 

өзіндік  ерекшеліктеріне  қатысты.  Ақпараттық  (информациялық)  беріліс 

әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын 

мәнісінде  қоғамда  ұрпақтар  жалғастығы  мәдени мұраларды  игеру,  қабылдау 

және  оны  шығармашылықпен  дамыту  арқылы  жүзеге  асады.  Мәдени 

ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, 

білім  т.б.  руханилықтың  белгілі  бір  деңгейін  меңгерудің  нәтижесінде 

мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады. 

Танымдық  қызметі.  Мәдениеттің  қоғамдағы  бұл  қызмет-

міндетінің  сан  алуан  қыры  бар.  Бірден  біздің  назарымызды  өзіне  аударатын 

нәрсе  —  мәдениет  пен  білімнің арақатынасы.  «Табиғаттан  қулығын  асырып 

жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі 

құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі 

«маариф»,  қазіргі  өркениеттегі  «интеллигенттілік»  ұғымдары  мәдениет  пен 

білімділіктің  іштей  туыстығын,  үндестігін  білдіреді.  Осы  сипатта,  әсіресе 

зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет 

атқарады.  «Бүгінгі  күнге  лайық  адамдық  қарым-қатынас  орнату  — 

интеллигенцияның басты міндеті. 

Реттеу  қызметі.  Бұрынғы  Кеңес  Одағында  шыққан  кітаптарда 

«мәдениетті  ғылыми  жолмен  басқару»  атты  сөз  тіркесі  кең  етек  алған-ды. 

Бірақ  адамның  дүниеде  өмір  сүру  тәсілі  ретінде  түсіндірілетін  мәдениетті 

басқару  мүмкін  емес,  әйтпегенде  адамды  тетікке,  қуыршаққа  айналдырған 

тоталитарлық  айла  –  шарғы  үлгілерін  көреміз.  Айталық  ертедегі  Грекияда 

ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпарат 

жинаған  жоқ.  Солай  болса  да  елдегі  жоғары  мәдениеттің  және  рухани 

ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. 

Коммуникативтік,  қарым  –  қатынастық қызмет.  Бұл  мәдениеттің 

қоғамдағы  негізгі  қызметтерінің  бірі.  Адамдардың  қарым  –  қатынасы, 

мәдениеттер  сұхбаттасуы  –  әлеуметтік  шындықтың  басым  көрінісі.  Адам 

ерекше бір өрісте – қарым –қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, 

әдемілік  пен  жақсылық  тербелісі  адамды  нәзік  тормен  қоршаған;  қоғамдық 

өмірде тек зат пен тауар алмасуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық 



шеберлік  тәжірибелерімен  сезімдік  үлгілерімен  ауысу  толастамақ  емес. 

Мәдениет  игіліктерін  жас  нәресте  анасының  ақ  сүтін  еміп,  оның  әлди 

жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре 

бастайды. 

2.

 

Мәдениеттің типологиялық ерекшеліктері 



Мәдениет  сияқты  күрделі  және  көпжоспарлы  құбылысты 

қарастыру,  сөзсіз,  материалды  жүйелендіруді,  ретке  келтіруді  талап  етеді, 

онсыз  мәдениет  әлемінің  барлық  алуан  түрлілігін  ұтымды  түсіну,  нақты 

мәдениеттердің  бейнелерін  тұтас  ұғыну  мүмкін  емес.  Бұл  міндет  мәдениет 

типтерін анықтау және сипаттау, оның типологиясын құру жолымен шешіледі. 

Типология (грек тілінен «типос» — пішін, үлгі, із және «логия» — 

ілім,  сөз  деп  аударылады)  деп  қазіргі  ғылыми  әдебиетте  28  зерттеу 

объектілерін  жалпылама  үлгі  көмегімен  талдау,  сұрыптау  және  жинақтау 

әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне ұқсамайтын, көп 

түрлі  құбылыстармен  істес  болатын  ілімдерде  реттеу  және  түсіндіру 

мақсатында  жиі  қолданылады.  Типология  нұсқаларының  бірі  ретінде  келесі 

тұжырымдамалық схеманы ұсынуға болады: 

1.

 

Ең алдымен "мәдениет" жалпы адамзаттық, яғни жалпы әлемдік 



мәдениетті  білдіреді.  Мысалы,  оның  "адам  мәдениетінің  дамуы",  "әлемдік 

мәдениетке  үлес"ұғымдарындағы  мағынасы.  Бұл  жаһандық  мағынадағы 

мәдениет-бір, ол туралы тек жалғыз өзін ғана айтуға болады. 

2.

 



 "Мәдениет"  деген  сөзбен  жергілікті  мәдениетті,  яғни  белгілі  бір 

нақты, тарихи қоғамның мәдениетін түсінуге болады. Әрбір осындай жүйенің 

өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бұл  елдер  мен  халықтардың  өмір  сүруінің 

географиялық 

және 

әлеуметтік-тарихи 



жағдайларындағы 

айырмашылықтармен  түсіндіріледі.  Жергілікті  мәдениеттердің  арасында 

жекелеген  тайпалар,  халықтар,  ұлттар  құрған  этникалық  және  ұлттық 

мәдениет ерекше орын алады. Ұлттық мәдениеттердің ішінде субмәдениеттер 

бөлінеді.  Бұл  олардың  өмір  сүру  салтының,  ойлау  мен  мінез-құлқының 

жалпыұлттық  мәдени  нормалардан  (жастар  субкультурасы,  қылмыстық 

әлемнің  субкультурасы,  діни  секталар  және  т.б.)  айырмашылықтарын 

бейнелейтін  жекелеген  демографиялық  немесе  әлеуметтік  таптар  мен 

топтардың  мәдениеті.  Кейде  субмәдениеттің  жалпыұлттық  мәдениеттен 

алшақтауы  соншалық,  оны  жақтаушылар  оппозицияға  айналып,  ондағы 

дәстүрлер  және  өмір  сүру  ережелерімен  қақтығысқа  түседі.  Мұндай 

жағдайларда субкультура контркультураға айналады. 

3.

 

Мәдениет  жекелеген  мәдени  салалар  мен  компоненттерді  белгілеу 



үшін  де  қолданылады.  Оны  осы  мағынада  қолдана  отырып,  еңбек,  тұрмыс, 

мінез-құлық  мәдениеті,  көркем,  музыкалық,  адамгершілік,  құқықтық,  саяси 

мәдениет және т. б. туралы айтады. 

4.

 



Мәдениет деп тұтас тарихи дәуірлерді қамтитын және әртүрлі елдер 

мен халықтардың мәдениетін қамтитын мәдени құрылымдар атауға да болады, 

мысалы  адамзат  тарихының  әртүрлі  кезеңдерінде  (алғашқы  қауымдық,  орта 



ғасырлық, қазіргі заманғы) немесе этникалық мәдени тұтастықтар (еуропалық, 

христиан,  Араб,  Кеңестік  (Социалистік),  Шығыс  және  Батыс).  Мұндай 

құрылымдарды 

белгілеу 

үшін 

"мәдени 


әлем", 

"метакультура", 

"өркениет"терминдері де қолданылады. 

Осылайша,  мәдениеттің  типологиясының  келесі  нұсқалары  бар  екенін 

айта аламыз: 

1.

 



Географиялық-географиялық  кеңістіктегі  (Азия,  Африка,  Шығыс, 

Солтүстік, Оңтүстік) мәдениеттерді оқшаулау. 

2.

 

Хронологиялық  (Тарихи)  –  тарихи  дамудағы  дербес  кезеңдердің 



бөлінуі, яғни уақыт бойы бөліну (ортағасырлық, архаикалық, жаңа заман). 

3.

 



Діни  ерекшеліктері  бойынша  (мұсылман,  христиан)  ,  тілі  (қазақ, 

орыс),  қолдану  салалары  (саяси,  педагогикалық,  экономикалық),  таралу 

нысандары (элитарлық, жаппай және т.б.).  

4.

 



4  .Мәдениеттердің  тарихи  және  аймақтық  типологиясы.  Кеңістік  

немесе уақыт бойынша бір біріне жақын мәдениеттер жиі ұқсас типологиялық 

сипаттамаларға  ие.  Бұл  мәдениеттердің  генетикалық  туыстығы  мен  өзара 

бірігуімен,  сондай-ақ  олардың  өмір  сүруінің  тарихи  және  табиғи 

жағдайларының туыстығымен байланысты. Мәдениеттердің кеңістіктік және 

уақытша  белгілері  бойынша  типологиялануы  олардың  арасындағы  табиғи, 

объективті  негізделген  қатынастарды  көрсетуге  ғана  емес,  сондай-ақ  әрбір 

жеке  мәдениеттің  ерекшелігін  және  оның  әлемдік  мәдениетті  дамыту 

барысындағы орнын неғұрлым толық көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан 

ол  мәдениеттану  ғылымында  ерекше  маңызға  ие.  Одан  әрі  мәдениеттердің 

тарихи  және  өңірлік  типологиялануы,  яғни  хронологиялық  және 

географиялық  қағидаттар  бойынша  бөлінген  олардың  түрлері  туралы  сөз 

болады. Ол "мәдениет тарихы"пәнінің келесі бөлімін оқу үшін қажет. 

 

Әдебиеттер: 



1.

 

Алан Барнардт. Антропология тарихы мен теориясы – Алматы, 2018 -



240 б. 

2.

 



Мәдениеттану:  жоғары  оқу  орындары  мен  колледж  студенттерiне 

арналған оқулық / Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. - Алматы :, 2005. 

- 408 б 

3.

 



Ғабитов  Т.  Мәдени-философиялық  энциклопедия.  Оқу  құралы.  - 

Алматы: Раритет, 2007 

4.

 

Лесли  А.  Уайт.  Мәдениет  ұғымы  /  Әлемдік  мәдениеттану  ой-



санасы.Он томдық. 1 том. ХХ ғасыр мәдениетінің антропологиясы. – Алматы, 

2005. - с.16-47 

5.

 

Джеймс Фейблман. Мәдениет туралы ғылым концепциясы / Әлемдік 



мәдениеттану  ой-санасы.Он  томдық.  1  том.  ХХ  ғасыр  мәдениетінің 

антропологиясы. – Алматы, 2005. - с.16-47 

6.

 

Тарихи-мәдени  процесс  және  мәдени  типология



 

//  Мәдениеттану: 

жоғары  оқу  орындары  мен  колледж  студенттерiне  арналған  оқулық  /  Т. 

Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. - Алматы :, 2005. – 27-33 б. 

7.

 

Ғабитов  Т.  Мәдени-философиялық  энциклопедия.  Оқу  құралы.  - 




Алматы: Раритет, 2007 

8.

 



Дэвид  Бидни.  Мәдени  динамика  және  бастауларды  іздеу 

конфигурациялары // Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. 1 том. – Алматы, 2005 

-   178-218 б. 

9.

 



Алфред Л. Кребер Мәдениет дмуының конфигурациялары // Әлемдік 

мәдениеттану ой-санасы. 1 том. – Алматы, 2005 -   218-250 б. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет