62
Жарысқа 16-ға толған және одан асқан, атқа жақсы шабатын
қыз балалар қатыстырылады. Ат 3 жаста және одан жоғары болуы
тиіс.Жарыс тегіс жерде, айналым бойынша. Жұмсақ тура жолда
немесе ипподромда өткізіледі.
Жарысты өткізу тәртібі мен шарттары ерлер арасында
өткізілетін жарыстай. Спортшылар ұлттық киім киюлері тиіс.
Жеңімпаздарды анықтау. Жарысқа қатысушылар алған
орындарына сай келетін, яғни 1-ші орын-1, 2-ші орын-2, 3-ші
орын -3 т.с.с. есептік ұпай алады.
Жарысқа адам шығармаған командаға соңғы орын және 2
айып ұпай беріледі. Егер жарысқа бірнеше топ қатысқан болса,
орын уақытқа қарай беріліп отырады.
Аударыспақ
Аударыспаққа тиісті (жарыстан өтіп) дайындықтан өтіп,
жаттықтырушыдан және дәрігерден денсаулығы жөнінде рұқсаты
бар, 18 жасқа толған азаматтар жіберіледі. Олардың жарысқа
жіберілгендігі белгіленген форма бойынша тиісті мәлімдеме
толтырылады.
Жарысты өткізетін ұйымның рұқсаты бойынша жекелеген
жағдайда жан-жақты даярлығы жақсы, 17 жастағы жас өспірімдер
де ересектермен бірге жарысқа қатыса алады.
Мұндай жас өспірімдер ересек спортшылармен бірге жалпы
мәлімдемеге тіркелсе де, оның жарысқа түсуіне жаттықтырушы
мен дәрігер қол қойған анықтама бойынша рұқсат беріледі.
Жарысқа қатысуға мандат комиссиясы рұқсат береді. Оның
құрамындағы бас төреші, бас секретарь, бас дәрігер, мал дәрігері.
Олар жарыс жөніндегі ереже шартына сай жарысқа қатысатын
спортшылардың құжаттары мен мәлімдемелерін тексереді.
Жарысқа жіберілген адамдар үшін сол жарысты өткізетін ұйым
жауап береді.
Спортшының дене бітімі, салмағы аударыспақта үлкен роль
атқаратын, болғандықтан, жарысқа қатысушылар мынадай салмақ
дәрежелеріне бөлінеді:
1. Жеңілдеу салмақ-60 кг-ға дейін.
2. Жеңіл салмақ-70 кг-ға дейін.
3. Орта салмақ -80 кг-ға дейін.
4. Ауыр салмақ – 80 кг-н жоғары.
63
Аударыспақ аға төрешінің ысқырығы бойынша басталып
және тоқталып гонгтың белгісімен аяқталады. Бәсеке 5 мин-ке
созылады. Егер сол уақыт өткенше, олардың бірде-бірі жеңіске
жете алмаса, онда жарыс нәтижесі ұпай саны бойынша
анықталады.
Таза жеңіс.
Жекпе-жек барысында аттан сүйреп түсірген
немесе аударып тастаған (егер оның денесінің бір мүшесі жерге
тимеген болса) спортшыға беріледі. Таза жеңіске
Достарыңызбен бөлісу: