Бұл органоидтың жасушадағы маңызы жасушалардың тіршілігіне тікелей



Pdf көрінісі
Дата20.12.2021
өлшемі74,99 Kb.
#104310
түріҚұрамы
Байланысты:
№2 ситуац.тапсырма



1)

 

Бұл органоидтың жасушадағы маңызы жасушалардың тіршілігіне тікелей 



әсер  етеді.  Оның  мөлшері  прокариоттарда  15-20нм,  эукариоттарда  25-30нм 

және Үлкенді және кішілі субірліктерден тұрады. 

1.

 

Бұл сипаттама қандай органоидке тән? 



2.

 

Құрылымды сипаттаңыз 



3.

 

Оның құрамын анықтаңыз 



4.

 

Ол қандай қызмет атқарады? 



5.

 

Синтезделу орнын және жалпы жасушадағы орнын анықтаңыз 



6.

 

Бұл органоидтың маңызы неде екенін түсіндіріңіз 



 

2)

 



Бұл  органоид  жануарлар  жасушаларына  тән,  олар  жоғары  өсімдіктерде, 

төменгі  саңырауқұлақтарда  және  кейбір  протозоидтарда  болмайды. 

Жасушаны  бөліну  кезінде  осы  органоид  функциясының  бұзылуы 

хромосомалардың  дұрыс  ажырамауына  әкеледі,  нәтижесінде  полиплоидты 

жиынтығы бар жасушалар түзіледі. Даун синдромы және т.б. сияқты тұқым 

қуалайтын аурулардың себебі осындай өзгерістермен байланысты. 

1.

 

Осы функцияны ескере отырып, қандай органоид туралы айтылып отыр? 



2.

 

Бұл органоид қалай және қандай заттардан құралады? 



3.

 

Ол тағы қандай функцияларды атқарады? 



4.

 

Оның жасушадағы орнын анықтаңыз 



 

 

3) Эукариот жасушалары өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын 



ауыстыруға, цитоплазмадағы ораноидтардың қозғалуын және митоз кезінде 

хромосомалардың мақсатты ажырауын қамтамасыз етуге қабілетті. 

Жасушаның бұл қасиеттері оның негізгі цитоқаңқасын қалыптастыратын 

ақуыздар жиынтығы арқылы жүзеге асасды.  

1. Цитоқаңқа дегеніміз не?  

2. Цитоқаңқа элементтеріне нелер жатады?  

3. Оларды тізіп құрылысын, қызметін, жасушадағы орнын сипаттаңыз  

4. Мединалық маңызын түсіндіріңіз  

 

4) Бұл жасуша компоненттерінің органоидтардан ерекшелігі олар жасушаның 



тіршілік барысында түзіліп қайта жойылып отырады, яғни жасушадағы 

тұрақсыз құрылымдар. Бұл құрылымдардың шамадын тыс көп болуы немесе 

жеткіліксіз болуы жасуша тіршілігі үшін қауіпті. Маселен шамадан тыс 

жинақталуы «жинақтау аурулары» деп аталатын ауыр патологиялардың 

дамуына әкелуі мүмкін. Аурудың қалыптасуы лизосомалық ферменттердің 

белсенділігінің жеткіліксіздігі және кез-келген заттардың шамадан тыс 

түсуімен (бауырдың майлы деградациясы, гликогенді бұлшықет тіндері) 

байланысты.  

1. Қандай құрылымдар жайында сөз болып отыр?  

2. Олар қандай формада болады және қандай тұрлері бар? Сипаттаңыз.  

3. Помпе ауруының себебін түсіндіріңіз  

4. Бұл аурудың клиникалық белгілерін сипаттаңыз 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет