Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации


№ ... ОБМ-інің  инклюзивтік білім беру бойынша  үйлестіруші



Pdf көрінісі
бет27/132
Дата21.12.2021
өлшемі1,39 Mb.
#104347
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   132
Байланысты:
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

№ ... ОБМ-інің  инклюзивтік білім беру бойынша  үйлестіруші 
лауазымдық нұсқаулығы 
1.  
Жалпы ережелер 
1.1.
Осы    лауазымдық  нұсқаулық   ҚР  «Білім  туралы»  заңына,    ҚР  Еңбек 
кодексіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  жалпы  орта  және 
қосымша  білім  беру  жүйесінің 
педагог  қызметкерлерінің  лауазымдарының 
үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына  (ҚР  БҒМ  2009  жылғы  шілдедегі 
қосымшалармен  және  өзгерістермен  №338  бұйрығы), 
Даму  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға(
ҚР БҒМ 
2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 бұйрығы) сәйкес әзірленген.
 
 
1.2. 
Инклюзивтік  білім  беру  бойынша    үйлестіруші  (ары  қарай 
үйлестіруші)қызметке  №  ...  ОБМ-інің    басшысының  бұйрығымен 
тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.  
1.3
.  Инклюзивтік  білім  беру  бойынша    үйлестіруші№  ...  ОБМ-інің  
директорға тікелей бағынады.  
1.4.
Үйлестіруші  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің 
қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді.  
1.5. 
Үйлестіруші  қызметіне  «Дефектология»      мамандығы  бойынша 
жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалады.   
1.6. 
Үйлестіруші  өз қызметінде  мына құжаттарды басшылыққа алады:   
-  
Баланың құқығы  туралы концепция; 

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 
34 
 



ҚР  «Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;   
-  
ҚР  «Білім  туралы  заңы»;  ҚР  әлеуметтік  және  инклюзивтік  білім  беру 
мәселелері бойынша заңнамасы; 

№ ... ОБМ-інің  жарғысы; 

№  ...  ОБМ-інің  ішкі  еңбек  тәртібінің  ережелері;  №  ...  ОБМ-інің   
басшылығының бұйрықтары мен үкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулы; 

еңбек шарты. 
1.7. 
Үйлестіруші төмендегі мәселелерді білуі керек:  

Қазақстан Республикасының Конституциясын; 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»,  «Неке  және  отбасы»,  
«Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 
арқылы  қолдау  туралы»,  «Қазақстан  Республикасындағы  балалар  құқығы 
туралы»  заңдарды және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша басқа да 
нормативтік актілерді; 

баланың құқығын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың, мүгедектердің, 
жалпы  білім  беру,  инклюзивтік  білім  беру  қорғау  мәселелеріне  қатысты 
халықаралық,  мемлекеттік  заңнамалық  актілер  мен  нормативтік  құжаттардың 
мазмұнын; 

дидактикалық  қағидаларды,  педагогиканаң  негізін,  жас  және 
педагогикалық психологияны; 

психологиялық-педагогикалық түзете дамыту технологиясын; 

мемлекеттік білім беру стандартының мазмұны мен бағдарламаларын; 

білім  беруді  жетілдіру  саласындағы  заманауи  тәсілдемелерді 
(құзыреттілік, әрекеттілік, тұлғалық-бағдарлық, орталық және т.б.); 

білім  беру  ұйымдарындағы  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
қызметін басқару қағидаларын; 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  әр  түрлі 
мамандарының  (психологтың,  дефектологтың,  логопедтің,  әлеуметтік 
педагогтың),  қосымша  білім  беру  педагогтарының  қызметтерінің  үлгілік 
мазмұны мен формасын, мүмкін болатын бағыттарын, сонымен бірге олардың 
білім беру ұйымындағы  атқарымдық міндеттемелерін; 

педагогикалық қызметкерлердің (бастауыш сынып мұғалімдерінің, пән 
мұғалімдерінің,  мектептегі  ұзартылған  күн  тобының  тәрбиешілерінің), 
қосымша  білім  беру  педагогтарының  қызметтерінің  үлгілік  мазмұны  мен 
формасын,  мүмкін  болатын  бағыттарын,  сонымен  бірге  олардың  білім  беру 
ұйымындағы  атқарымдық міндеттемелерін; 

жастары  әр  түрлі  балалардың  дене  бітіміндегі  және  психикалық 
дамуындағы  қандай  да  бір  даму  бұзылыстарының  байқалым  ерекшеліктерін, 
білім ортасының жағдайына қойылатын, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар 
балаларды табысты бейімдеуге қажетті  талаптарды; 
35 
 


-  
мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру  үдерісіне қосуға қажетті  
құжаттаманы,  сонымен  бірге  дамудың  жеке  бағдарламасын    әзірлеу  мен 
дайындаудың құрылымы мен алгоритмін; 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандарынң  құжаттамаларын; 
білім 
беру 
ұйымындағы 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консилиум  қызметін  реттейтін  нормативтік  құжаттармен,  жергілікті  актілерді 
дайындаудың құрылымы мен алгоритмін; 

№ ... ОБМ-інің   білім беру стратегиясын,  инклюзивті білім беру бағыты 
бойынша  педагогикалық  ұжымның    қызметінің    мониторингісін  әзірлеу 
алгоритмін; 

замманауи 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялардың 
мүмкіндіктерін,  оларды    мониторинг  мәліметтерін  өңдеуде,  әдістемелік  және 
ағарту жұмысын ұйымдастыруда, қажетті ақпараттарды іздеуде пайдалана білу; 

инклюзивтік  білім  беру  мекемелерімен  біріңғай  жүйеде  байланысқан 
мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың немесе инклюзивтік білім беруді қолдау 
және  дамыту  идеясына  қызығушылық  танытқандардың  қызметінің  үлгілік 
мазмұнын, формасы мен бағытын. 
1.8.  Үйлестірушінің    жалақысы      оның  білімі  мен  біліктілік  деңгейіне 
сәйкес есептеледі. 
1.9. Инклюзивтік білім беруді үйлестіруші  № ... ОБМ-інің   басшысының 
бекіткен  18  сағаттық  жұмыс  аптасынан  құрылатын  қалыпты  жұмыс  күні 
түзімінде кесте бойынша жұмыс істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет