-
БҰ білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен
жергілікті актілерді;
-
кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік
және әдістемелік құжаттар;
-
жас ерекшелігі педагогикасы мен психологиясын;
-
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар және
олардың жанұясы, педагогтар)көрсетілетін психологиялық қолдаудың әр түрлі
түрлері бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді;
-
білім берудің практикалық психологиясының жаңа жетістіктері.
1.7.
Педагог-психологтың 36 сағаттық жұмыс аптасындағы жұмыс
уақытының түзімі төменде берілгендерді есепке ала отырып, білім беру
ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен реттеледі:білім беру үдерісінің
қатысушыларымен оның жұмыс уақытының апталық ұзақтығының
жартысынан аз болмайтын көлемде жеке және топтық сабағаттық жұмысын
орындайды. Қалған жүктеме жеке және топтық сабағаттық
жұмысқа
дайындық, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және жинақтау, есептік
құжаттарды толтыру, сондай-ақ өзінің біліктілігін тікелей білім беру ұйымында
да, сондай-ақ одан тыс жерлерде де арттыру түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: