Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет55/132
Дата21.12.2021
өлшемі1,39 Mb.
#104347
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   132
Байланысты:
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

3. 
Лауазымдық міндеттері 
 
ЕДШ  нұсқаушысының   міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу. 
3.2. 
Кәсіптік мәселелерді шешуде  оқушылардың мүддесін, оларды толық 
құнды және психофизикалық дамыту міндеттерін басшылыққа алу. 
3.3. 
Жұмысты  атқарымдық  міндеттеріне,  ППҚ  қызметінің  әрекетінің 
бағыттарына,  сәйкес  оқушылардың  дене  дамуының  жеке  ерекшеліктері  мен 
денсаулықты мониторингілеу нәтижелерін есепке алу негізінде жоспарлау. 
3.4. 
Емдік және гигиеналық гимнастиканың жеке және топтық сабақтары 
және емдік дене шынықтырудың  басқа да түрлерін есепке ала отырып, түзете 
дамыту жұмысын  дәрігердің ұсынысының негізінде, оқушылардың дене даму 
мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  (қимыл-қозғалыс  аясын  түзету, 
денсаулықты нығайту) сәйкес  жеке және топтық түзімде жүзеге асыру.   
3.5. 
Оқушылардың  дене  даму  көрсеткіштерін  және  денсаулықты 
монитоирнгілеу көрсеткіштерін есепке алу негізінде жеке білім беру бағдарын 
әзірлеу,  емдік  гимнастиканың  шаралар  нобайын,  жаттығудың  үлгілік 
кешендерін құру, жаттығуларды көрсету, сабақтардағы сақтандыру шараларын 
жүзеге асыру. 
3.6. 
Өзінің  құзыретінің  аясында  антропометрикалық  өлшемдер  мен 
атқарымдық сынамаларды жүргізу. 
3.7. 
Салауатты  өмір  салты  мәселелері  бойынша  санитарлық  ағарту 
жұмысын жүргізу. 
3.8. 
Қатысу: 

әдістемелік  бірлестіктер  мен  әдістемелік  жұмыстың  басқа  түрінің 
әрекеттеріне; 

мектепте  ғылыми  тәжірибе  аясында  жүргізілетін  тәжірибе 
әрекеттеріне; 

дене  шынықтыру  мұғалімдерінің  мектептік  әдістемелік  бірлестік 
отырыстарына,  Педагогтар  кеңесіне,  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына. 
3.9. 
Емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған қажетті құрал-
жабдықтардың болуы. 
3.10. 
Жұмыстардың  барлық  түрін  тіркеу  және  қажетті  құжаттамаларды 
қабылданған  формада  ресімдеу  және  жүргізу,  оқушыларды  психологиялық-
педагогикалық  қолдау  қызметін  тексеру  нәтижелерін  бейнелейтін, 
қабылданған нобай бойынша жылдық аналитикалық-статистикалық есеп беру.  
3.11.   
Өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі  арттыру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет