– ең шағын молекулалы белоктар, м.м. - 12000
шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин
қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ-мен байланысты. Ол спер-
мада (еркектің ұрығында) болады жəне реттеушілік емес, тек
құрылымдық қызмет атқарады.
Сілтілік қасиет көрсететін белоктар - гистондар. Олар əлсіз
қышқылдарда (0,2 немесе HC1) ериді, аммиак пен спирт əсерінен
тұнбаға түседі.
45
Негізінен бұл белоктар жануарлар мен өсімдіктер жасуша-
ларының ядроларында кездеседі жəне хроматин құрылымын да
маңызды рөл атқарады. ДНҚ-ның кеңістіктік құрылымын тұ-
рақтандыруға қатысады жəне генетикалық мəліметтің ДНҚ-дан
РНҚ-ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды.
Күрделі белоктар құрамындағы жанама тобының табиғатына
қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Олар: липопротеидтер, фос-
фопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер, нуклеопроте-
идтер, металлопротеидтер.
Липопротеидтер табиғатта көп тараған, барлық тірі ағзаларда
кездеседі. Олар барлық жасуша мембраналарының ең басты
құрамы болып есептеледі. Липопротеидтер бос күйінде қан плаз-
масында жəне лимфада кездеседі жəне ол липидтерді, кейбір гор-
мондарды бір орнынан екінші орынға ауыстырып апара алады.
Электрофорездік қозғалғыштығы бойынша
α
–липопротеидтерге
жəне
β
–липопротеидтерге бөлінеді. Фосфопротеидтер құрамын-
да ортофосфор қышқылы бар, олардың ағзаның қоректенуінде
маңызы зор. Сүт құрамындағы – казеин, жұмыртқа сарысын-
дағы – виттелин, балық уылдырығындағы – ихтулин осы фосфо-
протеидтерге жатады. Гликопротеидтер құрамының белок емес
бөлігі – көмірсулар.
Гликопротеидтер жануарларда, өсімдіктерде, микроағзаларда
кездеседі жəне олар əртүрлі қызметтер - каталитикалық, тасымал-
даушы т.б. атқарады.
Хромопротеидтер – боялған күрделі белоктар, олардың
құрамында бояулы заттар болады. Нағыз өкілдері: родопсин, ге-
моглобин, миоглобин, пероксидаза, каталаза, флавиндік фермент-
тер жəне цитохром жүйесіне жататын ферменттер.
Нуклеопротеидтердегі жанама топ нуклеин қышқылдары.
Нуклеопротеидтердің молекулалық массасы үлкен болып келе-
ді. Дезоксинуклеопротеидтер жасушаның ядросында, ми тохон-
дрияларында кездеседі, ал рибонуклеопротеидтерге – рибо-
сомалар мен информосомаларды жатқызуға болады. Вирус тарда
да өзінің химиялық табиғаты жағынан – нуклеопротеидтер.
Нуклеопротеидтердің белок биосинтезінде жəне тұқым қуалаушы
информацияны сақтауда маңызы зор.
|