3.5. Ферменттердің физикалық қасиеттері Ферменттердің активтілігіне температура əсері.
Ферментті
реакциялардың жылдамдығы қыздырғанда артады. Бірақ оның
ферментсіз реакциялардан айырмашылығы жылдамдықтың өсуі
5–519
66 қысқа температура аралығында байқалады. Əр ферменттің өзіне
тəн температура жағдайына келгенде, реакция жылдамдығы мак-
симум мəніне дейін жетеді, одан əрі температура өссе, жылдамдық
кемиді.
30-40˚С аралығында тірі ағзада ферменттер активті келеді,
бұл деңгейінен температура төмендесе немесе жоғарыласа, фер-
мент активтілігі кемиді.
Орта температурасының көтерілуі химиялық реакция жыл-
дамдығын арттырады. Бірақ өте жоғары температурада катализдік
қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан Вант-Гофф
ережесін ферменттік реакциялар үшін белгілі деңгейде ғана
қолдануға болады.
Ферменттердің бір ерекшелігі 70-80 градустан асқан темпе-
ратураны өте сезгіш келеді. Өйткені барлық ферменттер бело-
ктардан тұрады. Ал белоктар жоғары температура əсер еткенде
өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, жұмыртқаны қайнап тұрған
суға салып жіберсеңіз, белогы лезде денатурацияланады. Кейбір
ферменттерге қыздыру уақытша əсер етеді. Мұндай ферменттер
қыздыруды тоқтатқаннан кейін белгілі бір уақыт өткен соң өзінің
бұрынғы қасиетіне қайтадан ие болады.
Температураны 50˚С шамасынан артқан кезде ферменттер
активтілігінің төмендеуі байқалады, бірақ бұл жағдай жылу
əсерінің ұзақтығына жəне фермент табиғатына байланысты бо-
лады.
Фермент əрекетіне орта рН шамасының əсері.
Орта реак-
циясының өзгеруіне ферменттердің сезімталдығы маңызды қа-
сиеті болып табылады. рН шамасына байланысты ферменттердің
активтігі бірден-ақ өзгереді. Əртүрлі ферменттердің əрекеті үшін
рН көрсеткішінің шамасы əртүрлі болады. Кейбір ферменттер
қышқыл ортада, əсіресе, активті келеді, екіншілері бейтарап орта-
да активті қасиет көрсетеді, ал үшіншілері əлсіз сілтілі немесе
сілтілі ортада ерекше активті болады. Төменде кейбір фермент-
тер үшін қажетті рН шамасы берілген (6-кесте).
Бір ғана қызмет атқаратын, бірақ əртүрлі ұлпадан бөліп
алынған екі фермент үшін рН оптимумы əртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы, қуық түбі (простата) безіндегі қышқыл фосфатазасының
рН оптимумы 5,0 шамасындай, бауырдағы сілтілік фосфатазаның
67 рН - 9,0. Фермент əрекеті үшін қажет рН оптимумының болуы
мынаған байланысты: фементтер де белок сияқты электр за-
ряды бар зат болып табылады, сондықтан олардың кеңістіктік
құрылымы рН шамасына тəуелді.