9
Егер тірі жəне өлі заттардың химиялық құрамын қарасақ, тірі
ағза негізінен жеңіл элементтерден, ал өлі заттар ауыр элемент-
терден тұрады, себебі тірі ағзалардың құрамына қажет суда жақсы
еритін газ тəрізді, сұйық жəне қатты қосылыстар үшін жеңіл эле-
ментер ғана жарамды. Тірі ағзаның құрамына кіретін молекула-
ларды биомолекула деп атайды, демек олардың құрылымы жəне
өзара əрекеттесуі тіршілік негізіне жататын процестерді қамтиды.
Тірі ағза жасушасының негізін құрайтын қосылыстар: бело-
ктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер (май жəне май
тəрізді заттар), су, минералды тұздар (2-кесте).
Осы органикалық қосылыстардың алуан түрлі құрылымы
мен қасиетін білу үшін олардың құрамына кіретін ең қарапайым
органикалық заттардың кластарын бір-бірінен ажырата білу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: