Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік
шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
Оларды еңсеру жөніндегі шаралар: экономиканың құрылымын өзгерту,
әлеуметтік бағдарланған нарық құру, жекешелендіру және бағаны ырықтандыру,
инвестициялық саясат. Н.Ә.Назарбаевтың қанатты нұсқамасы – «ең әуелі
экономика – сонан соң – саясат».
Қазақстанды экономикалық қайта құрудың жасампаздық кезеңі және
олардың нәтижелері. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.
Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторлары сияқты экономиканың
шешуші салаларының даму басымдықтары мен келешегі. Қазақстан
экономикасын реформалаудың бағыттары – экономика дамуының кластерлік
принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу,
инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылымды
әсіресе көлік және байланысты дамыту. Стратегиялық маңызы бар жаңа темір
жол магистралін салу. Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік
инвестицияны тарту.
Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және оның
маңызы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оны табысты еңсеру.
Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономика мен қаржы секторының дамуы.
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудың
мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
«Жеделдетілген
экономикалық
жаңару
–
үдемелі
инновациялық
индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы». «Қазақстан – 2020»
стратегиялық жоспарының басымдықтары. Қазақстанның экономикалық өсуінің
келешегі. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының траекториясы. ХХІ
ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі.
ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол – болашаққа
жол» жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген
жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |