«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің негізгі мақсаты
– отандық
тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген
фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың
үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең
тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке
тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін
жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Бұл бағдарламаны жасау барысында авторлар ең алдымен, ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары
негізінде
қалыптасқан
стратегиялық
міндеттерді,
«Қазақстан
Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және
т.б. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы
жетістіктер мен жаңалықтарды, пәнді ЖОО-ында оқытудағы көпжылдық
тәжірибені және студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің
үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім
алушылардың түсіну деңгейін ескерді.
Типтік
бағдарлама
бөлімдерінің
проблемалық
материалдары
студенттерге отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай
қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық
деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты
бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты
ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы
мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық
принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескерген бұл
типтік бағдарламаның мазмұны бөлімдер мен тақырыптардан, тарих
ғылымындағы Қазақстанның қазіргі заман тарихын проблемалық тұрғыдан
қарастыруға негізделген бөліктерден тұрады.
Бұл
типтік
бағдарламаны
құрастыру
барысында
авторлар,
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін
төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін
қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің
теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;
Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды
біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы
ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен
маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;
Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы
мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи
фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын
тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан
тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;
Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық
және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы
ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
Пәнді оқу барысында студент төмендегідей
Достарыңызбен бөлісу: |