Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы
сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның
ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22
халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз
орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп
ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша
тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай
сай деп айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |