ата
-
аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері.
Ата
-
аналар өз тәрбиелік әрекеттерін осы ережелер тұрғысынан
салыстыра бағалап отырады, сонымен бірге ережелер педагогтар үшін,
әсіресе егде ата
-
аналарға өнімді де негізді кеңестер беріп отыруға
қажетті
.
Отбасындағы адамдардың қарым
-
қатынасы сан қырлы. Мұндай
қарым
-
қатынас балалардың өсіп жетілуіне, (әсіресе олардың сәби
шағында) күшті әсер етеді. Мұнда отбасы мүшелерінің өзара
қамқорлығы, шын жүректен түсінушілігі мен туыстық жақындығы
сияқты отбасы ішіндегі қатынастар ерекше ықпал етеді.
Балалардың ата
-
анасына және ересектерге жақындығы олар үшін
мынаны білдіреді: үлкендер жүрегінің бар қазынасын балаларға
қалтқысыз сыйлайды, ол үшін балалардан еш нәрсе талап етпейді, ал
бала осынау жақсының бәрін бойына сіңіріп, үлкендерді өзінің кіршіксіз
109
пәктігімен қуантады, әрі нәзік жан дүниесінің сырын ашады. Міне,
сондықтан балалар үй ішіндегі татулыққа, ата
-
анасының өнегелі
ықпалына, отбасыда өздерін түсіне білу жағдайларына мұқтаж болады.
Баланың азамат болып қалыптасуына отбасындағы өзара игі қатынас
күшті әсер етеді. Отбасындағы дәстүрлер бұл қатынастарды нығайтып,
олардың балаларға ықпалын күшейтеді.
Отбасылық дәстүрлер.
Мұндай дәстүрлер отбасының психология
-
лық ахуалының ажырамас бөлігі бола отырып, балаларға күшті әсер
етеді. Олардың жас ұрпаққа ықпал етуінің мәні неде? Қазіргі отбасыға
қандай
дәстүрлер тән?
Дәстүрлер, әдетте, заң актілерімен емес, қоғамдық пікірдің күшімен
сақталады. Олардың көбі жетіле келе, қоғамның ережелеріне,
нормаларына, еш жерде жазылмаған ерекше заңдарына айналады.
Дәстүрлердің кейбіреулері өзінің шыңына жетпестен, біртіндеп
маңызынан айрылып, тіпті біздің ілгері жылжуымызға кедергі
жасайтынына қарамастан, сөз жоқ, қоғамдық прогресстің тездетушісі
болып табылады. Сондықтан ескірген, өмірі өткен дәстүрлермен күрес
жүргізіп, оларды жаңартып отыру қажеттігі туады. Бұл
-
табиғи
процесс. Ол дәстурлердің зор тәрбиелік күшіне нұқсан келтірмейді.
Көптеген жақсы отбасыларда белгілі бір өзіндік ережелері мен
әдеттері
бар парасатты тұрмыс салты орныққан. Олар үйреншікті,
қарапайым және айрықша күш салмай
-
ақ өз
-
өзінен атқарылып жатады.
Жоғарыда айтылған отбасы кеңестері тәрбие тұрғысынан
тіпті өте
жақсы, жекелеген өсиет айтатын әңгімелерден әлдеқайда құнды
болады.
Әрбір
отбасының өзіндік дәстүрі болуы табиғи нәрсе. Отбасындағы
қалыптасқан игі дәстүрлердің бірқатарына тоқталайық.
1.Отбасылық кеңес. Мұнда отбасы мүшелері аптасына бір күнді
белгілеп, келелі мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.
2. Отбасындағы тағы бір кұптарлық дәстүр
-
табиғатпен достасу. Бұл
дәстүрдің мақсаты өсімдіктер мен жануарларды ерекше құрметтеуге,
туған өлке табиғатын сүюге баулу. Отбасы болып туған өлкеге жорық
ұйымдастырудың мәні ерекше. Мысалы, кейбір отбасылар қара күз
келісімен алғашқы қарды асыға күтеді немесе наурыз мерекесін ерекше
қарсы
алады (аула тазалап, ағаштар егіп т.б.)
3.Кітаппен
достасу
бұл
дәстүр
төңірегінде
сөз
еткенде,
Б.Момышұл
ының
Ұшқан
ұя» повесін
мысалға
алуға
болады.
Осы
кітапты
оқу,
талдау
барысында
бала
Бауыржанның психологиясын, отбасындағы
тәрбие алу рәсімдерімен жақын танысуға мүмкіндік бар.
110
Енді сондай кітаптарға байланысты жайлардың тәрбиелік маңызы
қандай
екенін қарастырып көрейік. Біріншіден, бала дүниетанымын
қалыптастыруда аса маңызды тәрбиелік екі фактор
-
кітап пен жақын
адамның жеке өнегесі әсер етеді. Екіншіден, осы факторлардың өзара
әрекеттесуінен балаларда тың, едәуір қуатты әсер пайда болады.
Үшіншіден
,
мұның бәрі табиғи жағдайда өтетіндіктен, балалардың
өздері
бір
-
біріне ықпал ете бастайтындықтан да бұл әсері күшейе түседі.
Мұндай жағдай балалардың кітапқа деген құмарлығын арттырып,
әуесқойлығын туғызады, ол кітап бетінен кездесетін моральдық
нормалар жақын адамдардың өмірінен
-
ақ
байқалып, әдетте, өскелең
ұрпақтың адамгершілік
тұрғыдан қалыптасуының негізі болады.
4. Отбасындағы тәртіп, күн тәртібі. Мұнда отбасының тәртібі, оның
әрбір
мүшесінің жүріс
-
тұрысы, мінез
-
құлық, іс
-
әрекет, және сөйлеу
мәдениетін қамтиды.
5. Мәдени орындарға бару /театр, кино, концерт кештері, цирк т.б.
6. Отбасындағы елеулі оқиғаларды мерекелік жағдайда атап өту
көптеген отбасыларда дәстүрге айналған. Мұндай оқиғаларға
дайындалуға ересектермен бірге, балалардың да қатысуының зор
маңызы бар. Онда жоспар жасалады, тапсырмалар бөлінеді, қонақтарды
күтіп алу салты талқыланып, оларға көрсетілетін қызықтар, ойын
-
сауықтар ойластырылады. Отбасы өміріне қуаныш кіреді. Отбасы
мүшелерінің бірлескен әрекеті оларды топтастырады, балалар көптеген
тағлым аларлық өнеге үйренеді, іскерлікке ие болып, мәдени мінез
-
құлық ережелерін меңгереді.
Отбасылық мерекелердің педагогикалық мәні ардақты адамдармен
жүздесуде, олармен өткізілетін қызықты әңгімелерде, бүкіл осындай
жағдайдың салтанатты түрде өтетіндігінде болып табылады.
Жақсы дәстүр отбасын біріктіреді, бұған дейін отбасының үлкен
мүшелерінен көрінген саналылық пен жақсылықтың дәнін сақтай
білуге, оларды өскелең ұрпаққа өнеге етуге мүмкіндік береді. Дәстүрдің
тәрбиелік күшінің мәні, онда жинақталған тәжірибені ескелең
ұрпақтардың
неғұрлым
табиғи
түрде
қабылдайтындығында.
Шындығында, біз жақсы дәстүрлер аз кездеспейтін отбасыда ата
-
аналарда болатын кейбір қателіктердің балаға қарсы әсер етуіне көп
мүмкіндік туатынын аңғарамыз. Ешбір нәрсе ұжымдық дәстүрдей
жұптастыра алмайды деген сөз –бұл отбасы ұжымына да қатысты.
Өсіп
келе жатқан адамның жеке басының қалыптасуына
отбасындағы өмір күшті әсер етеді. Егер ата
-
аналардың отбасы тіршілігі
турасында дұрыс түсінігі болмаса, егер олар отбасы өмірінің дұрыс
111
мақсатты жағын педагогикалық тұрғыдан жағдайластырмаса, онда бұл
баланың жеке санасының қалыптасуына ғана емес, түгелдей жеке
басының тәрбиесіне зиянын тигізеді. Қазіргі заманғы отбасы
тәрбиесіне кері әсер етуші факторларды келесі кестеден көруге болады.
Ата
-
аналар
Достарыңызбен бөлісу: |