есіме алып қоям, қойынымда жатқан адамның кім екенін де білем. Тəтті
тағамға ащы тамызғандай, осылардың есіме түскенін ұнатпадым
.
Көкірегімде бас көтерген əлсіз ұятты бойымды жайлап алған ыстық
құмарлық тұншықтыра берді. «Жарайды, кейін, ертең... бір орайы
болар...» құшырланып жатып осы сөздерді дауыстап та айттым ғой
деймін. Осыдан кейін мені қаншық емессің деп айтып көрші.
Мастығым ертеңгісін тарады... Тұла бойым жеңілдеп, тазарып
ояндым, көзімді ашып алсам — таң атқан екен. Сонда да бұйығып жата
тұрғым келіп еді, бірақ анау, бойына дарытпай, əскери адам ширақ қой,
тез тұрып киіне бастады. Ауызғы бөлмеге шығып күзетші солдатты
шақырып алды.
Бұйрығыңызға əзірмін, полковник мырза» деді солдат.
«Столға екі адамға шай даярла».
Шені полковник екен. Əскери формасын киіп алған соң көзіме
соншалықты жат болып көрінді. Қарсы алдымда соғыс басталғалы
үрейімізді алған жасыл мундир отыр. Түннің сиқыры будай тарап кетті,
арамызда ешқандай жақындық болмаған сияқты, енді қайтадан
көкірегіме үрей кіре бастады. Полковник те түк көрмегендей, бойын аулақ
салып, жай ғана сыпайы отыр, тек сəлден кейін менің көзімдегі үрейді
көріп, жылы шыраймен жымиып, езу тартты, бірақ күлкісі пышақ
кескендей тыйылып, ойы өзге жаққа бұрылып кетті. Алдындағы суып
баратқан кофесін бір – екі ұрттап қойды. Тағдырдың келемежін
қарасайшы, кешегі маған жармасатын солдат, ас-су əкеліп күтуші болып
жүр. Есіктен кіріп келе жатып, полковниктің желкесінен маған
қылмыңдай қарап, көзін қысып қояды, онысы «бəрін білемін» дегені.
Рұқсат сұрап жас офицер кірді, полковникке тіл қатар алдында, о да
маған жалт етіп бір қарап қояды, көзінде бір жымысқы ұшқын жылт
ете қалды, — «бұ да түнде не істегеніңді білем» деп тұр. Осындайда өзіңе
өзің нағыз жезөкше болып көрінеді екенсің.
Жас офицер бөгде адам болғанға іркіліп қалып еді, полковник:
«Баяндай бер. Түндегі ұрыстың жайы немене?» деді.
«Партизандардың шағын тобы екен. Жаралы біреуін қолға түсірдік»
деді офицер.
— «Кім екенін анықтадыңдар ма?»
— «Бұрын осы деревняда сельсоветтің председатель болған. Ал өзі тіл
қатпайды».
— «Бip адамның тілін шығара алмағандарың... жалқаулықтарың
ұстады — ау, ə» деп полковник ащы мырс етті.
— «Қандай тəртіп болады, полковник мырза?»
Полковник тəртіп беруге оқтала берді де, менің үрпиген түріме көзі
түсіп:
— «Э — э... кейін тəртіп берермін» дей салды.
Ертеңгі астан кейін менімен жылы қоштасты, тіпті кəдімгідей
қимастық білдірді.
«Мынадай тамаша кеш үшін сізге көп рахмет, фрейлен. Əттең тек
қызмет бабы қинап тұр. Ілгері жүруіміз керек. Амал қанша. Қош
болыңыз».
Содан солдатты шақырып алып, «фрейленге, азық — түлік бер» деп
əмір етті де, басын иіп шығып кетті.
«Тамаша кеш» үшін қанша рахмет айтса да, түндегі менің
қойнымдағы адам бұл емес. Бұл емес екенін тəніммен сездім. Түндегінің
бəрі сорақы рахат түс сияқты, таң ата оянып кеттім.
Бірақ көресім əлі алдымда екен. Үйден шыға бергенде қораның ішінде
скамейкада отырған адамға көзім түсті. Түрінен жан шошығандай — бір
аяғы ағаштай сіресіп жер тіреген, балағын қақ айырып, балтырын
таңған марлеге қызыл — қошқыл қою қан ұйыпты. Бет аузы көнектей боп
|