121-бап. Халықаралық іскерлiк операциялардағы және
халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты
мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға,
көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
1. Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын
халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты
мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге
асырылады.
2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар
арасында мәмiлелер жасасу кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде
қалыптасатын нарықтық бағадан ерекшеленетін және «Трансферттік баға белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға
(трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.
3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық
мәмiлелер; тараптарының бiрi Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай
жүзеге асыратын резидент емес болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету
жөнiндегi мәмiлелер; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы
аумағының шегiнен тыс жерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер
көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.