Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың



Pdf көрінісі
бет110/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың
 
               міндеттері
 
      1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және 
энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды 
әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды 
мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін 
өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, 
олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының 
ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi 
болып табылады.
 
      2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 142-
бабының 1-тармағында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi 
қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша 
заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет