Қолдану көрсетілімдері:
клиникалық өлім.
Іс әрекет алгоритмі:
1.
Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
2.
Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті
босатыңыз.
3.
Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.
4.
Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізерлеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір
бөлігіне тік ұстаған қолыңызды перпендикулярлы қойыңыз.
5.
Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне парарельді орналастырыңыз.
6.
Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары
көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек –
қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстың қанатындай» қалыпта болады.
7.
Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
8.
Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см
омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп қатты басыңыз.
9.
Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары
толық түзетіледі.
Есте сақтаңыз:
Кеуде торын қысу, оның толық тоқтаумен алмасуы қажет, жүрек қанмен
толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егерде реанимацияны бір адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия
(басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.
Егерде реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия
(басу) жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |