3. Жалпы гуманитарлық білімдер жүйесіндегі курстың орны.
Саясаттану курсы жалпыгуманитарлық білімдер ішінде базалық оқу
пәндерінің бірі болып табылады. Саясаттану ұғымдарды түсіндіруде басқа
ғылымдардың зерттеу жетістіктерін қолданады және бұл ғылымдарға ӛзінің
теориялық және тәжірибелік зерттеулері арқылы кері ықпал етеді. Тарих,
философия, құқықтану, әлеуметтану және басқа да пәндермен бірге
саясаттануды болашақ мамандардың дүниетанымдық мәдениетін қалыптастыру
процесінің құрамдас бӛлігі ретінде қарастыру керек. Саясаттануға
студенттердің азаматтық санасын тәрбиелеу, оларды демократиялық
құндылықтарға жақындастыру міндеттері жүктелген. Саясаттануды оқып-
үйрену барысында алған білімдері жастарға қоғамның саяси саласында болып
жатқан процестерді түсініп, қоғамның саяси ӛміріндегі ӛз орнын анықтауға
кӛмектесуі тиіс.
|