«бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»


 Дүниетануды» оқытудағы практикалық әдістері



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата30.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#106811
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
Дүниетану әдістемесі

4. Дүниетануды» оқытудағы практикалық әдістері.
Оқытудың   практикалық   әдістері,   олардың   қолдануы 


57
кезінде   білімді   меңгеру   процесіне   оқушылардың   әртурлі 
әрекеттері   енетіндігімен   сипатталады.   «Дүние   тануды» 
оқыту   кезіндегі   практикалық   әдістер   кең   қолданылады 
өйткені   бұл   табиғаттың   қубылыстары   мен   обьектілерін 
жоғары деңгейде оқытуға мумкіндік тудырады. Белгілі бір 
практикалық   тапсырмаларды   орындау   кезінде   оқытушы 
оқушылардың алдына осы тапсырманың қурылысын ашу 
мәселесін   де   қояды.   Мұнда   тапсырма   мәселені   ретінде 
қойылуы өте маңызды. Мұны шешу процесінде оқушылар 
өздерінің   практикалық   және   ой   әрекеттерін   іске   қосып, 
білімдерін   қолдануы   қажет.   Практикалық   кызмет 
процесінде   меңгерілген   білімдер   өқу   процесін   белсенді 
етіп,   оқушылардың   дербестігі   мен   творчествосын 
дамытады. Жаңа білімдерді белсенді практикалық және ой 
әрекеті   процесінде   меңгеруге   қажет   болғанда   оқытудың 
практикалық   әдістері   қолданылады.   Оқыту   процесінде 
практикалық әдістерді қолдану тек қана жаңа білімдерді 
меңгеруге ғана емес, сонымен бірге жаңа білімді меңгеру 
үшін   практикалық   іскерліктерді   қалыптасуға   мүмкіндік 
тудырады.
 
Практикалық
 
әдістерге
 
байқау, 
лабораториялық жұмыстар жургізу, объектілерді бейнелеп, 
анықтау   бойынша   жұмыс   жүргізу,   табиғатты   тану 
құралдарымен   жұмыс   істеу,   тірі   табиғат   бұрыштарында 
және   оқу-тәжірибелік   орындарда   практикалық   жумыстар 
жүргізу жатады. 
БАЙҚАУ   –   дегеніміз   табиғат   құбылыстары   мен 
объектілерін мақсатқа сәйкес қабылдау, осының негізінде 
жалпы   және   жеке   белгілерді   көрсетіп,   заңдылықтар 
орнатылып   және   белгілі   бір   тұжырымдамалар 
жасалынады. Ұйымдастыру формасы бойынша, байқауды 
индивидуальдық,   топтың   және   фронтальды   деп   бөлеміз. 
Байқау   оқу   тәрбиелік   міндеттерге   сай   жүргізіліп, 
ұйымдастырылуы   керек.   Сондықтан   оқытушы 
оқушыларды   байқауға   алдын   -ала   дайындап,   олар   үшін 
байқаудын   жүйелілігі   жайлы   тапсырмалар   құру   керек. 
Байқаулар   қысқа   мерзімді   және   узақ   мерзімді   болады. 


58
Қысқа мерзімді байқау көбінесе топсаяхат уақытында, тірі 
табиғат   бұрышында,   сабақтарда   жүргізіледі.   Ал   узақ 
мерзімді   байқаулар   сабақтан   тыс   уақытта   жүргізіледі. 
Байқаудың барлық түрлері әртүрлі практикалық жұмыстар 
мен тәжірибелермен тығыз байланысты. 
ТӘЖІРИБЕ   –   дегеніміз   арнай   жасанды   түрде 
қалыптасқан   жағдайларда   табиғат   процесстерін   немесе 
обьектілерді зерттеу тәсілі болып табылады, сонымен бірге 
обьектіге немесе процесске тигізілетін сыртқы жерлердің 
көптеген   жинағынан   бір   ғана,   алдын   ала   белгіленген 
факторды   айқындау.   «Дүниетану»   сабақтарында 
тәжірибелер   оқытушының   басшылығымен   жүргізіледі. 
Оқытушы   тәжиребеге   қажетті   обьектілер   мен 
жабдықтарды   таңдап   алып,   топтық   немесе 
индивидуальды сипаттағы жұмыстың формасын анықтап 
алады. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақта 
тәжиребе   жүргізер   алдында,   оқушыларға   белгілі   бір 
тапсырмалар беріп, мәселелі жағдай тудырады. Оқытушы 
тақтаға   тақырыпты,   тәжірибенің   мақсатын,   жүргізу 
жоспарын және нәтижелерді белгілеудің жоспарын жазып 
қояды. Тәжірибе жоспарымен танысу барысында жауапты 
тәжірибенің   нәтижесі   ғана   беретіндігі   жайлы   гипотеза 
көрініс   береді.   Тәжірибелерді   жүргізу   және   дайындау 
сонымен   бірге   олардың   нәтижесін   ұйғару   дегеніміз 
оқушылардың   тек   практикалық   қана   емес,   және 
творчествалық   қызметі   болып   табылады.   Тәжірибелік 
жұмыстар жүргізе отырып, оқушылар әртурлі аспаптар мен 
жабдықтармен   танысады,   бұлармен   жұмыс   істеу 
іскерліктері   қалыптасады.   Тәжірибенің   мазмұны   мен 
мақсаты оқулықтар бойынша немесе басқа да әдебиеттер   
бойынша   оқытылады,   мұны   оқытушы   дайындайды. 
Жүргізілеттін   тәжірибенің   жүйелілігі   анықталады,   мұнда 
оқушыларды  
  құралдармен,   обьектілермен   және  
қауіпсіздік   техникаларымен   жұмыс   істеу   ережелерімен 
таныстыру   өте   маңызды.   Лабораториялық   жұмыстар 
жүргізу   кезінде   оқушылар   тікелей   аспаптармен, 


59
жабдықтармен   жұмыс   істейді,   «Бақылау   күнделіктерін» 
толтырып,   нәтижелерді   белгіліп   отырады.   Мұның   бәрі 
оқушыны   дербес   әрекет   етуге   үйретеді.   Тәжірибелерді 
бақыланатын   объектілермен   салыстыра   отырып   жүргізу 
керек. Әрбір оқу тәжірибелер объектілер мен құбылыстар 
арасындағы   себеп   салдарлы   байланыстарды   орнатуға 
мүмкіндік   береді.   Оқу   процесінде   тәжірибелерді   қолдану 
оқушыларда ғылыми білімдер мен қажетті жалпы білімдік 
практикалық   іскерліктерді   қалыптастыруға   мүмкіндік 
береді. 
«ПРАКТИКАЛЫҚ»   және   «ДЕРБЕС»,   «ӨЗІНДІК»   жұмыс 
жүргізу ұғымдары оқушылардың білімді мегеруі жөніндегі 
практикалық және дербес, өзіндік қызметтерін ұйғарады. 
Балаларға   өзіндік   жұмыстар   көп   берілген   сайын,   олар 
білімді   меңгеруге   деген   дағды   мен   қажет   тілікке   қол 
жеткізеді   “сыныптан”   сыныққа   өтудегі   практикалық 
жұмыстардың   ұзақтығы   артып,   олар   күрделене   түспек. 
Алғашқы   практикалық   жұмыстар   өңделген   жоспар   үлгі 
бойынша жүргізіледі, кейін мұндай жұмыстардың денгейін 
мұғалім   жоғарылатып,   оқұшыларға   творчестволық 
сиппатағы   тапсырмалар   беріледі.   Форма   бойынша 
практикалық   жұмыстар   индивидуальды,   топтық   және 
фронтальды   болып   бөлінеді.   Практикалық   жұмыстар 
көбінесе табиғаттың шынайы, табиғи объектілерін танып, 
анықтау   бойынша   жүргізіледі.   Мұндай   мақсатта   тірі 
өсімдіктер   мен   жануарлар,   гербарийлер,   ұрықтар   мен 
жемістердің   коллекциялары   және   пайдалы   қазбалардың 
зиянкестердің,
 
минеральды
 
тыңайтқыштардың 
коллекциялары
 
қолданылады.
 
Практикалық 
жұмыстардың барлығына жалпы тән белгі оған белгілі бір 
жұмыстарды   орындау   кезінде   оқушылардың   қатысуы. 
Осының   негізінде   білімдер   мен   практикалық   іскерліктер 
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет