Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет34/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014

5.4.5.3 Стационар бөлімдері 
 
5.4.5.3.1 Стационар бөлімдерінің негізгі түрлері мыналарға бөлінуі тиіс:  
- соматикалық және мамандандырылған (ересектер мен балалар үшін);  
- инфекциялық;  
- босану.  
5.4.5.3.2  Қалалық  және  облыстық  балалар  ауруханаларында  жаңа  туған  және  шала 
туған  балалар  үшін  басқа  барлық  бөлімдерден  және  аурухана  қызметтерінен  толықтай 
оқшауланған  бөлімдерді  қарастыру  керек.  Инфекциялық,  психиатриялық,  тері-
венерологиялық және туберкулез бөлімдерін тек жеке ғимараттарға орналастыру керек. 
Бөлімдерде әрбір палатада душы бар санитарлық торапты қарастыру керек.  
5.4.5.3.3 Жағдайы тәулік бойы бақылауды және емдеуді талап етпейтін, қатты және 
созылмалы  аурулары  бар  науқастарды  ауруханаға  жатқызу  үшін  күндіз  келіп  кететін 
бөлімді (палаталарды) қарастыру керек. 
5.4.5.3.4  Стационарлық  бөлімдер  палаталарында  тамақтануды  ұйымдастыру 
қарастырылуы тиіс. 
5.4.5.3.5  Науқастарды  емдеу,  диагностика  және  қызмет  көрсету  ерекшеліктері 
нәтижесінде мамандандырылған бөлімдерді жоспарлауға ерекше талаптар қойылады. 
Офтальмология бөлімінде төмендегілерді қарастыру керек: 
- пациенттерді тексеру жолында үздіксіз тұтқыштың болуы;  
-  жиһазды  және  науқастарға  арналған  тұрмыстық  жабдықты  орналастыру 
ықшамдылығы.  
5.4.5.3.6 Сауыққандар бөлімінде науқастардың қызметін белсендіру үшін келесілерді 
қамтамасыз ету керек:  
- дене шынықтыруға, еңбек терапиясына, су және ауа процедураларына, әлеуметтік-
дене шынықтыру қызметіне арналған аймақтар және жабдық;  
- пациенттердің қозғалыс кестесін ұлғайту. 
5.4.5.3.7 Көптеген пациенттерде сырт келбетінде кемістіктер бар (дерматология, бас 
сүйек-бет  хирургиясы  және  басқалар)  бөлімдер  қатарында  тұйықтық  иллюзиясы,  сырт 
көздің бақылауынан оқшаулау қарастырылуы тиіс.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет