ҚР ҚН 3.02-13-2014* V
КІРІСПЕ Осы құжат Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын
реформалау шегінде әзірленді және техникалық реттеудің озық жүйесін жасауға
бағытталған.
Осы құрылыс нормасында:
- нормативтік талаптардың мақсаты;
- функционалдық талаптар;
- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар.
Осы «Емдеу-сауықтыру мекемелері» құрылыс нормалары «Ғимараттар мен
құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентінің дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік
құжаттардың бірі болып табылады және құрылыс саласындағы техникалық кедергілерді
жоюға бағытталған.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын
құрылыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленген.
Осы құрылыс нормаларының талаптарын орындаудың қолайлы шешімі мен
параметрлері ҚР ЕЖ «Емдеу-сауықтыру мекемелері» келтірілген.