5.8 Қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-гигиеналық талаптар
5.8.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалау барысында қолданыстағы
нормативтік құжаттар ережелеріне сәйкес адамдардың денсаулығын және қоршаған
табиғи ортаны сақтау саласындағы экологиялық талаптарды орындауды қамтамасыз
ететін шараларды қарастыру керек.
5.8.2
Құрылысқа және реконструкциялауға берілген жоба құжаттамасын
орналастыру, бекіту, жаңа тұрғызылған, реконструкцияланған емдеу-профилактикалық
мекемелердің ғимараттарын пайдалануға енгізуге қолданыстағы нормативтік құқықтық
актілер талаптарына сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған
жағдайда жол беріледі.
5.8.3 Емдеу-профилактикалық мекемелерді орналастыру барысында санитарлық-
қорғаныс аймақтарын орнату бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау
керек.
5.8.4 Емдеу-профилактикалық мекемелердің діріл көздерінен (көліктің жедел
түрлері, теміржол жолдары, метрополитен жолдары) арақашықтықты қолданыстағы
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қабылдау керек.
5.8.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалаған кезде жобаланатын объектінің
қоршаған ортаға ықпалын ескеру керек және әрбір нақты жағдайда қоршаған ортаға әсерді
бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасындағы
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
5.8.6 Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу бойынша негізгі талаптар Қазақстан
Республикасының Экологиялық кодексінде анықталған.
5.8.7 Жоба шешімдерін іске асыру нәтижесінде атмосфералық ауаның сапасының
өзгеру күйін және болжамын бағалау жер бедерін, жоспарлық ұйымдастыруды және
аэрациялық режимге қосқанда, аумақтың микроклиматтық жағдайларын ескере отырып,