сол бірліктерден тұратынын, бұл бірліктерді пайдалану әдістерін түсіну керек.
Белгілі әдіскер Б. В. Беллер дағды мен іскерліктің қандай жағдайда тезірек
пайда болатынын айтты. Оның ойынша, тілді игеру процесі ойланумен тығыз
ерекшеліктерін түсіну, олардың сөз әрекеті процесінде практикада қолданылу
бірліктердің қызметінің ережесін білу, жіберілген қателерді уақытында түзетіп,
игеру үшін ереже мен инструкция пракика жүзінде қажет болу керек, әйтпесе
8
тіл сабақтарындағы сапалылық теория үшін тілідң теориясын оқыған болып
табылмайды.
Бұл принциптің іске асуы оқушының оқу процесіне саналы түрде қарауын
білдіреді, бұл яғни өз бетімен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, ал студент-
филолог үшін бұл оқытушының сабақта қолданатын құралдары мен әдістерін
түсіну тіл сабақтарындағы сапалылық принциптерінің жүзеге асу ережелерінің
бірнешеуін жинақтайық:
1.
Өтілетін материалды түсінуге көмектесетін түрлі әдістерді қолданыңыз
(ереже, инструкциялар, түсініктеме, аударма), қажеті болмаған жерде
аударма мен көп сөйлеп түсіндірудің қажеті жоқ.
2.
Тілмен өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін жинақтаңыз, себебі ең
бастысы оқуға үйрету.
3.
Оқушының алға басып келе жатқанын білдіру керек, бұл оқудың
мотивациясын көтереді.
Сөйлеу процесінде тілдік бірліктерді қолдану және қалыптастыру
әдістерін студенттердің өз бетінше шешуіне мүмкін болған жағдайда көмектесу
керек. Бұл үшін инструкцияны қолданған жөн. Бұл жағдайда көрнекілікке
сүйенген жөн, тақтаға жазуға болады.
Белсенділік принципі
оқушының сабақтың өтілу кезіндегі тілдік
белсенділігін айтады, бұл оқушының оқу процесіндегі психикасы: ойа, назары,
есте сақтауы. Белсенділіктің негізгі көзі – мақсаты, мотиві, қызығушылығы
және көңіл қалауы болып табылады. Осы аталған жағдайларды болдыру үшін
оқытушы рөлдік ойындар, проблемалық сипаттағы тапсырмалар, көрнекілік
құралдарын пайдаланады. Білім, іскерлік және дағды оқушылардың белсенді
түрде ойлап жұмыс істеу барысында қалыптасады, оның негізінде ойлау мен
сөз әрекетінің бірігуі жатыр. Оқытушыға сабақта белсенділік принципін жүзеге
асыру үшін көмектесетін мынадай ережелер ұсынылады:
o
Әр оқушыны белсенді сөз әрекетіне тартыңыз. Проблемалық
сипаттағы тапсырмалар және рөлдік ойындар сабақтардағы
белсенділік принципінің жүзеге асуына көмектеседі.
o
Тек қана белсенді түрде жұмыс жасайтын оқушыларға ғана емес,
барлық оқушылардың жұмысына көңіл бөлу керек. Шамалы
белсенділік танытатын оқушылардың шамасына қарай тапсырма
беріңіз. Бірлесіп жұмыс жасау оқу процесінің белсенділігіне
көмегін тигізеді.
o
Тілді оқытудың қызығушылығын арттыру үшін оқытудың сәйкес
әдістерін пайдаланыңыз. Әр сабақта өтілген әр сабақтың
қорытындысын шығарыңыз, оқушылардың оқу барысындағы
табысын, нәтижелерін көрсетіңіз(оқушылардың сөйлей, оқи, жаза
және т.б. алатындығын).
o
Эмоционалды және тілдік активтілікті туғызатын оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар беріңіз. Ойындар,
жарыстар, көрнекілікті көп қолданыңыз.