2. 3-ресурс. Креативті ойлау 3-тапсырма: ақпаратты оқып және


пәнді терең білумен, іске асыру шеберлігімен де, сондай-ақ



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі197,63 Kb.
#110234
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.3-ресурс. Креативті ойлау (1)

пәнді терең білумен, іске асыру шеберлігімен де, сондай-ақ 

дарындылықпен, ерекше қабілеттермен немесе талантпен де тығыз байланысты 

болады 


[Чиксентмихайи  М.,  2017].  Бұл  құбылыс  «ауқымды  креативтілік»  (Big-C  creativity)  деп 

аталады.  Сонымен  қатар 



креативтілік  күнделікті  істерде

  де  көрінуі  мүмкін,  мысалы, 

сыйлықты немесе фотоальбомды ерекше безендіруге, азық-түлік қалдықтарынан дәмді тағам 

дайындауға немесе күрделі логистикалық проблеманың тамаша шешімін табуға, күн тәртібі 

кестесін оңтайлы құруға қабілеттілік және  т.б. Мысалы, кешкі сағат тоғызда баланың есіне 

ертеңгі күні мектепке немесе балабақшаға мерекелік костюммен келу керектігі түседі. Сұрақ: 

Сіз  қолда  бар  материалдардан  жарасымды  –  ерекше,  тартымды,  мүмкіндігінше  қарапайым, 

бірақ айрықша нәрсе жасай аласыз ба, әлде Сіздің қолыңыздан балаға,  мектептің қисынсыз 

талаптарына, дүкендердің жабылғанына, заттардың қымбаттығына ашулану ғана келеді ме? 

Осындай жағдайдағы  нәтижелі  шығармашылық қабілеттілікті «шағын креативтілік» (little-c 

creativity) деп атауға болады [Kaufman&Beghetto, 2009]. 

PISA зерттеулерінің ерекшелігін – әлемнің әртүрлі елдеріндегі 15 жастағы оқушылардың 

қамтылатынын  ескеретін  болсақ,    креативтіліктің  осы  түріне,  яғни  «шағын  креативтілікке» 



басымдық беріледі. Бұл креативтілікті бағалауға арналған тапсырмаларды таңдауда белгілі бір 

шектеулер қояды – оларды шешудің табыстылығы қандай да бір пән бойынша терең біліммен 

емес, ойлау процестерін ұйымдастыруға байланысты болуы тиіс. 

Бағалаудың  бұл  бағыты  дарынды  және  талантты  балаларды  анықтауға  емес, 

оқушылардың  креативті  ойлау  қабілетінің  шегін  анықтауға,  сондай-ақ  бұл  қабілеттің  білім 

беру процесінің ерекшеліктерімен – оқу тәжірибесімен, оқудағы және оқудан тыс қызметпен, 

қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  басқа  да  сипаттамаларымен  байланысын  анықтауға 

бағытталған. 

Креативтілік сипаттарымен байланысты және бағалау материалдарын құрастыруға әсер 

ететін  екінші  маңызды  мәселе:  креативтілікте  не  басым  болып  табылады  –  жеке  тұлғаның 

ерекшеліктері ме, әлде пәндік сала ма? 

PISA  зерттеуі  шығармашылық  міндеттердің  кем  дегенде  үш  сала  бойынша  елеулі 

айырмашылықтарының болуын растайтын нақты, анықталған фактілерге сүйенеді:  

- вербалды жеткізу саласында; 

- көркемдеп жеткізу саласында; 

-  әлеуметтік,  жаратылыстану-ғылыми,  математикалық  мәселелерді  шешу  саласында  

[Kaufman & Baer, 2004; Chen et al., 2006]. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет